Қазақша Қанатты (нақыл) сөз: Өнер, білім және тіл

Қазақша Қанатты (нақыл) сөз: Өнер, білім және тіл

Кімде-кім халқынан алмаса тәлім,
Оны үйрете алмас ешбір мұғалім.
Жүсіп Баласағұн


Басқаларды үйрете жүріп біз өзіміз үйренеміз.
Луций Анней Сенека


Ештеңе туралы сұрамайтын адам ештеңе үйренбейді.
Фуллер Тори Эдвин


Өзіңді қарапайым жылы лебізіңмен силата білмесең,
құр қаталдықтан түкте шықпайды.
Чехов Антон Павлович


«Мен еш уақытта өз оқушыларыма еш нәрсе үйретпеймін
~ тек қана олардың оқуы үшін жағдай жаратамын»
Альберт Эйнштейн

"Халықтың кемеліне келіп өркендеп өсуі үшін
ең алдымен азаттық пен білім қажет".
Шоқан Уәлиханов


Адамды тәрбиелеу – демек оның ертеңгі қуанышқа
ие болатын келешек жолын тәрбиелеу.
Макаренко Антон Семенович


«Мұғалім ісі сырттай қарапайым болғанмен –
тарихтағы ең ұлы істің бірі"
Ушинский Константин Дмитриевич


Құт берекең- атаң қымбат,
Аймалайтын анаң қымбат.
Мейірімді апаң қымбат.
Асқар тауың- әкең қымбат.
Қазыбек би


Бiр әрiп үйреткенге40 жыл сәлем бер.
Ұстаз – анаңдай ұлы.
Ұстаз ұстаз емес өзшәкiртi ұшiн күймесе,
шәкiрт шәкiрт емес өз ұстазын сүймесе.
Ана мейiрiмiмен ұстаз мейiрiмi егiз.
Ұстазы жақсының ұстамы жақсы.
Мектеп –кеме,бiлiм – теңiз.
Барар жерге тез жетемiз.
Ана тілі халық болып
жасалғаннан бері жан дүниесінің айнасы,
өсіп-өніп, түрлене беретін,
мәңгі құламайтын бәйтерегі .
Жүсіпбек Аймауытұлы


Ана тілің – асылың,
оны білмеген – масылың.
Қадыр Мырза Әлі


Ал екінші бақытым – тілім менің
Тас жүректі тіліммен тілімдедім.
Кей-кейде дүниеден түңілсем де,
Қасиетті тілімнен түңілмедім…
Мұқағали Мақатаев


Адамның адамдық,
ұлттың ұлттық ең жоғарғы қасиеті –
тіл өткірлігі мойымасын,
тіл сұлулығы кемімесін!
Ғабиден Мұстафин


Ана тілінен айырылған адам өз халқы жасаған мәдени мұраның
бәрінен құралақан қалады.
Ғабит Мүсірепов


Бұл дәуірде өз тілін, әдебиетін білмеген,
қадірлемеген адам толық мәнді интеллигент емес деуге де болады.
Себебі, ол қандайлық мамандық
білімі болса да, рухани ой
тәрбиесінде сыңар жақ азамат болады.
Мұхтар Әуезов


Ана тілі – жүректің терең сырларын, басынан кешкен дәуірлерін,
қысқасы, жанның барлық толқындарын ұрпақтын-ұрпаққа жеткізіп сақтап отыратын қазына…
Жүсіпбек Аймауытов


Тіл — жұрттың жаны.
Тілінен айырылған жұрт — жойылған жұрт.
Халел Досмұхамедұлы

Ана тілін ұмытқан адам өз халқының өткенінен де, болашағынан да қол үзеді.
Ғабит Мүсірепов


Қазақ мектебіндегі бала келешекте қай мамандыққа барам десе де,
ең алдымен өзінің ана тілін, әдебиетін сүюі шарт.
Сол сүюді орта мектеп табалдырығын аттаған соң да,
мамандық, білім беретін жоғары мектепке
ауысқанда да асыл қасиетіндей сақтауы керек.
Мұхтар Әуезов


Бұл дәуірде өз тілін, әдебиетін білмеген,
қадірлемеген адам толық міндң интеллигент емес деуге болады.
Себебі ол қандайлық мамандық білімі болса да рухани,
ой тәрбиесінде сыңаржақ азамат болады.
Мұхтар Әуезов


Тіліңді жоғалту,су қараңғы көзсіз қалғаныңнан да өткен қасірет.
Жалау Мыңбаев

«Тіл – әр халықтың кешегі жүріп өткен жолын,
бүгінге жалғасқан ғұмырының ертеңге апарар
мүддесін бейнелеуші,яғни бар тарихының куәгері, деректі көзі»
Сәрсен Аманжолов


“Ұлттың тілі — сол ұлттың жаны, жан-дүниесі.
Ол жүректі соқтыртып тұрған қан тамыры сияқты.
Егерде қан тамыры жабылып қалса,
жүрек те соғуын тоқтатпай ма?”
Мұхтар Әуезов


Әлем әдебиетіндегі әйгілі жүз кітапты
емін-еркін бар бояуымен төгілтіп
түсіретін тіл – қуатты тіл, қазақ тілі – сондай тіл.
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев


Сөз сайыста жеңілген де бір – тілі кесілген де бір.
Тоқсары Адамның адамшылығы – ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады.
Адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озады.

Жұмысы жоқтық,
Тамағы тоқтық,
Аздырар адам баласын.

Тіл жүректің айтқанына көнсе, жалған шықпайды.

Ақылмен ойлап білген сөз,
Бойына жұқпас, сырғанар.
Ынталы жүрек сезген сөз,
Бар тамырды қуалар.
Абай

0 пікірлер

Пікір қалдыру

Есім:*
E-Mail:
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кодты еңгізіңіз: *
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив