Баланы алты жастан мектепке беру тиімді – Е.Сағадиев

Баланы алты жастан мектепке беру тиімді – Е.Сағадиев

Қазақстанда да әрбір бала алты жастан бастап Еуропадағыдай мектеп партасына отыруы керек, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев мәлімдеді
Министр баспасөз отырсында 12 жылдық білім берудің негізгі міндетіне тоқталып, . Оның бірінші сыныпты алты жастан бастау керектігін атады.
«Бүгінде алтыға толған балалардың көпшілігі мектепте оқиды. Өкінішке қарай мектепте әлі бармағандары да аз емес. Алтыға толған баланы мектепке беру керек, бұл - аса маңызды жас. Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы елдерінде бұл баяғыдан бар құбылыс. Себебі, бала миының синопсиясы алты жасқа дейін толығады, сосын кішірейе бастайды. Ендеше, бұл жасты дұрыс пайдаланбасақ, онда ары қарай бәрі қиындай түседі», деді министр.
Ол өз сөзінде алты жастан бастап мектепке барған бала мен одан кеш барған баланың дамуында ерекшеліктер болатындығын да мысалға алды. Айтуынша, оның барлығы білім беру деңгейіндегі айырмашылықтарға да әкеп соғады. «Алдағы төрт жыл ішінде осы мәселені жан-жақты қарап, енгізудің көздеп отырмыз. Елімізде қазір 150 мың бала алты жастан мектепке барса, 180 мың бала әлі мектепке бармаған», деді.

baq.kz

0 пікірлер

Пікір қалдыру

Есім:*
E-Mail:
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кодты еңгізіңіз: *
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив