57 оқушы республикалық олимпиадаға жолдама алды

57 оқушы республикалық олимпиадаға жолдама алды
Оңтүстік Қазақстан облысының Білім басқармасы жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың облыстық үшінші кезеңінің қорытындысын шығарды, деп хабарлайды Baq.kz.
Олимпиадаға жалпы саны 990 оқушы қатысты. Оның 584-і математика, физика, информатика, химия, биология, география пәндерінен өзара бақ сынасты. Олардың 265-і олимпиаданың ІІ турына жіберіліп, 54 жүлделі орынға таласты. Ал, І, ІІ және ІІІ орындар үшін әр пәннен сыныптар бойынша бір-бір жүлде тағайындалған.
Олимпиаданың гуманитарлық бағытына 406 оқушы қатысты. Мұнда оқушылар 10 пәннен (қазақ тілі және әдебиеті, орыс тілі және әдебиеті, Қазақстан тарихы, құқық негіздері, өзбек, ағылшын, неміс, француз тілдері) білімдерін дәлелдеуге ұмтылды. Нәтижесінде ІІ турға 205 оқушы жолдама алды.
Екі кезеңнің қорытындысы бойынша 57 білімгер жүлдегер атанды. Олардың 19-ы үздік, 20-сы ІІ орынға лайық деп танылса, 18-і ІІІ орынды қанағат тұтты. 18 оқушы номинация иегерлері атанды, деп хабарлайды ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.
baq.kz

0 пікірлер

Пікір қалдыру

Есім:*
E-Mail:
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кодты еңгізіңіз: *
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив