Голландияда ұшатын көліктер сатылымға шығарылды

 

Нидерланд елінде PAL-V фирмасы өзі құрап шығарған ұшатын көліктің екі маркасын сатылымға шығарды. Бұл туралы life.ru хабарлады.

Голландиялықтар жаңа көлік құру жұмыстарын 2009 жылы қолға алған. Ал 2012 жылы оның алғашқы прототипі дайын болған. Биыл аталмыш компания Liberty Pioneer және Liberty Sport үлгілеріне қатысты бірнеше тапсырыс алыпты. Алдағы уақытта PAL-V жаңа автомобильдерді жаппай өндіруге дайындалып отыр.

 

Құраушыларың айтуынша, қауіпсіздік шараларының бәрі қамтамасыз етілгенін. PAL-V тұтынушыларға жаңа көліктерді 2018 жылдың соңына дейін жеткізеді деп күтіліп отыр. Оған дейін аталған көліктер қолданысқа ену үшін толықтай сертификаттаудан өткізіледі.

 

Компанияның бас директоры Роберт Дингеманстың айтуынша, жаңа өнімдердің негізгі нарығы Солтүстік Америка болмақ. Сондай-ақ, АҚШ, Канада, Мексика елдерінен және Бермуд аралдарынан алдын ала тапсырыс берушілер бар екенін мәлімдеді.

 

egemen.kz

0 пікірлер

Пікір қалдыру

Есім:*
E-Mail:
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кодты еңгізіңіз: *
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив