Франциядағы оқушылар үйлеріне «велобуспен» қайтады

 

Францияның Лувье қаласының бірінші сынып оқушылары, кластастарымен педальдерді бірге айналдырып, бір автобуста қайта алады. 2017 жылдың басынан ресми түрде муниципалитет жаңа мектеп оқушыларына арналған «S’cool bus»  деген ат қойылған  «велобустарды» қолданысқа енгізді. Бұл туралы rfi.fr хабарлады.

Лувье қаласындағы Анатоль Франс атындағы бастауыш мектептің оқушылары жаңа жыл қарсаңындағы демалыстарынан кейін күтпеген тосын сыйға тап болды.

 

Олар енді мектептен-үйге, үйден-мектепке Франциядағы ең ерекше транспорт түрімен  (велосипед педальдары бар квадроцикл) қатынайтын болды. Балаларға арнайы велосипед каскасы мен түрлі-түсті жилеттер беріледі. Шамамен, олар 4 километр қашықтықты жүріп өтеді, ал жылдамдығы – 15км/сағат. Велобустар тек 10 адамға ғана арналған және Францияның тар көшелеріне жүруге ыңғайластырылып кішігірім етіп жасалынған. Әзірге бақылау үшін тек 3 велобус оқушыларға қызмет етеді.  Ал оның жүргізушісі тұрақты түрде айлық алатын болатын.

 

Жоғарыда атағанымыздай бұл велобустарға  «S’cool bus» деген атау берілген. Ағылшын тілінен аударғанда  –  «мектеп оқушыларын арналған автобус» дегенді білдіреді. Ал француз тілінде «c’est cool bus» деген сөз «ерекші автобус» дегенді мағынаны береді екен.

 

Жоба авторы Амори Пикьо осыған ұқсас автобусты Голландияда көрген. Өндірістік тәжірибеден келгеннен кейін өзінің айналасындағыларға экологиялық таза транспорт жасау туралы идеясын айтқан. Осыдан үш жыл бұрын  «S’cool bus» қоғамдық бірлестік құрылып,  Лувье қаласында іске аса бастаған. Қаладағы муниципалитет дотациясының барлығын осы велобустарға жұмсамақ. «S’cool bus» қоғамдық бірлестікпен құны 150 000 еуро болатын  арнайы келісімшарт жасалды. Расымен, бұл экологиялық таза автобустар қатарына жатады. Оқушылар да, мұғалімдер де, ата-аналар да қуанып жатқан көрінеді. Бір жағынан бұл транспорт оқушыларды спортқа бейімдейді.

Дереккөз: «The Qazaq Times», massaget.kz

0 пікірлер

Пікір қалдыру

Есім:*
E-Mail:
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кодты еңгізіңіз: *
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив