Жыл басынан бері 1 мыңнан астам мектепте нөлдік сыныптар пайда болады

Ендігі нөлдік сыныпта алфавитті «Әліппе» («Букварь») бойынша оқытады. Бұл бірінші сыныпқа келетін балалардың дайындық деңгейі арасындағы үйлесімсіздікті жоюға мүмкіндік береді.

Бұл туралы ҚР Үкіметінде өткен баспасөз конференциясында ҚР білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев хабарлады. Министр 2016 жылы 1-сыныптарда бірыңғай бағдарлама мен бірыңғай базалық оқулықты енгізгеннен кейін мұғалімдердің белгілі бір қиындықтарға тап болғанын атап өтті.

«Бүгінгі таңда бірінші сынып оқушыларының 80% жүгіртіп оқи алса, ал 20% әріп те танымайды. Сол себепті сынып түгел барлық бағдарламаны басынан бастап өтуге мәжбүр», – деді Е.Сағадиев. Осыған байланысты мектепке дейінгі дайындыққа да бірыңғай оқу бағдарламасын енгізу қажеттілігі туындады. Осы жаңашылдықты енгізгеннен кейін балалар бірінші сыныпқа бірыңғай мектеп бағдарламасын игеруге бірдей дайын болып келеді деп күтілуде. Нөлдік сыныпты мектепте де, сондай-ақ балабақшада да өтуге болады.


24.kz

0 пікірлер

Пікір қалдыру

Есім:*
E-Mail:
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кодты еңгізіңіз: *
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив