Мас оқушы үшін мектеп басшылығы жауапкершілікке тартылды

ҚазАқпарат - Қарағанды облысы Шахтинск ауданының Долинка кентіндегі жалпы білім беретін орта мектеп оқушысының сабаққа мас күйінде келгені үшін директордың орынбасары мен сынып жетекшісі тәртіптік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Оқушының мас күйінде сабаққа келгені үшін тәрбие жұмысы жөніндегі директордың орынбасары мен оқушының сынып жетекшісі тәртіптік жазаға тартылды», - деді Шахтинск қаласы білім беру бөлімінің басшысы Николай Онсович. Қаланың бас педагогінің айтуынша, жетінші сынып оқушысы қатты күйзелістен спирттік ішімдік ішкен.

«Оның ата-анасының қарым-қатынасында  қиындықтар туындаған және бала мұны ауыр қабылдаған. Бұл отбасы жақында Қызылорда қаласынан көшіп келген. Бала жаңа мектепте әзірге бейтаныс балалармен бірге оқып жүр. Осы оқиғадан кейін мектепке бірнеше рет барып, баламен сөйлестім.

Оған бұл мектепте оқыған ұнай ма, оқу бағдарламасына үлгеріп жатыр ма деп қызығушылық таныттым. Өзімнің телефон нөмірімді беріп, қажет болса хабарласуын сұрадым», - деді  Николай Онсович. Еске сала кетсек, Долинка кентіндегі орта мектептің жетінші сынып оқушысы сабаққа өлесі мас болып келген еді. 


inform.kz

0 пікірлер

Пікір қалдыру

Есім:*
E-Mail:
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кодты еңгізіңіз: *
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив