Ақтауда мектеп оқушысы нашар көретін жандар үшін арнайы тақия ойлап тапты

ҚазАқпарат - Сәттіғали Жолдасбай нашар көретін және зағип жандар үшін арнайы смарт-тақия ойлап тапты. Ол өзінің жаңалығын Назарбаев зияткерлік мектептері оқушылары арасында өтетін ғылыми жұмыстардың республикалық байқауында ұсынбақ, деп хабарлайды lada.kz.

Мұндай жаңалықты ойлап табу туралы ой Сәттіғалиға атасының үйіне ауылға барған кезде пайда болыпты. Ол ауылда өзінің ағасының нашар көруінің салдарынан ылғи кедергілерге тап бола беретінін көреді.

Ақтауға келген соң жоғары сынып оқушы робот жасау техникасы мұғалімінің кеңесін тыңдай отырып, тақияға кедергілерді байқап ескертіп отыратын арнайы қозғалыс құрылғысын орнатады. Бұл құрылғы алдыда кездесетін кедергілерді дыбыс арқылы тақияның иесіне жеткізіп отырмақ.

Биылғы жылдың сәуір айында Сәттіғали өзінің жолдастарымен бірге республикалық байқауға қатысуға бармақ. Онда Қазақстанның барлық аймақтарындағы Назарбаев зияткерлік мектептерінің оқушылары өздерінің ғылыми жобаларын ұсынады.

Сәттіғали биыл 12 сыныпты аяқтайды. Мектеп бітірген соң ол жоғары оқу орнының геофизика факультетіне оқуға түспекші.


inform.kz 

0 пікірлер

Пікір қалдыру

Есім:*
E-Mail:
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кодты еңгізіңіз: *
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив