Педколледждер жабылама?

Бүгін таңертең редакцияға бір ата-ана хабарласып, Астанадағы педогогикалық колледждің жабылатынын немесе жекеменшікке сатылатынын айтты, деп хабарлайды BAQ.kz тілшісі.

«Қызым сонда оқитын еді. Жақында «колледж жабылады немесе жекеменшікке сатылады екен» деген қауесет тарады. Балалар да оқуға деген қызығушылық қалмай, ертеңгі күндерін ойлап кетті» - деді ата-ана.

Бүгін Пәндік комиссияның шешемін жариялаған Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында бұл қауесеттің нақтылығын білмек болып Білім және ғылым вице-министрі Эльмира Суханбердиевадан арнайы сұраған едік.

«Елордалық педагогикалық колледж жергілікті әкімдіктің қарамағына кіреді. Дегенмен бізге оның жабылатындығы туралы ешқандай ақпарат түскен жоқ. Олар ең алдымен бізге хат жолдауы тиіс», - деді вице-министр.

Сонымен қатар Элмира Суханбердиева аталған колледжді жекеменшікке беру туралы да ешқандай ақпараттың жоқтығын айтты.

«Бүгін әкімдіктен нақты мәліметтер сұрастырып білемін. Бірақ, бізде мұндай ақпарат жоқ», - деді ол.

0 пікірлер

Пікір қалдыру

Есім:*
E-Mail:
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кодты еңгізіңіз: *
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив