Ақтөбеде студенттер бір-бірімен атысты

ҚазАқпарат - Ақтөбеде жаппай төбелес болды. Студенттер бір-біріне пышақ кезеніп, атысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбедегі атыс кезінде екі студент жараланды. Облыстық жедел жәрдем ауруханасы 14 наурыз кезінде оқ және пышақ жарақатымен түскен екі студентке ота жасады. «Екі студент те аман-есен. Екеуінің де аяғы жараланған. Бірі пышақтан, екіншісі оқтан зақым алған. Оқ жанай өткен. Еті мен тамыры тігілді. Жағдайлары орташа ауыр. Олардың өміріне еш қауіп төніп тұрған жоқ», - деді облыстық жедел жәрдем ауруханасының бас дәрігері Арыстан Рахымжан.

Айта кетейік, қазір осы оқиғаға қатысты Қылмыстық кодекстің «Бұзақылық» бабы бойынша іс қозғалды. «102» нөміріне Әлия Молдағұлова ескерткішінің маңында атыстың естілгені туралы хабарлама түсті. 

Жедел-жәрдем ауруханасы 1998 жылы туған С.Бәйішев атындағы университеттің студенті, 1998 жылы туған Қ.Жұбанов атындағы униветситет және 1998 жылы туған Байланыс колледжінің студенттері әртүрлі деңгейдегі дене жарақаттарымен келіп түскенін хабарлады.  Жедел шаралар нәтижесінде 1996 және1997 жылы туған екі азамат ұсталды. Және осы қылмысқа қатысы бар деген күдікпен тағы үш азаматқа қатысты іздеу шаралары жүргізілуде»,- деп хабарлады облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі. 

inform.kz 

0 пікірлер

Пікір қалдыру

Есім:*
E-Mail:
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кодты еңгізіңіз: *
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив