Ақтөбеде балабақша бүлдіршіндерінің Наурыз мейрамындағы суреті халықты шошытты

ҚазАқпарат - Ақтөбе облысы, Шалқар ауданындағы Наурыз мерекесі көпшіліктің жағасын ұстатты. Дастархан басында отырған балалардың алдында тек бауырсақ шашылып жатыр, ал жанындағы үстелде ет турап, үлкендер отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.  

Ақтөбе облысы, Шалқар ауданындағы сурет қазір әлеуметтік желі арқылы кең тарап кетті. Суретте екі үстелдің жайылғаны анық көрініп тұр. Бірінде балалар отыр, екіншісінде ересектер ет турап, дайындыққа кіріскен.

Көпшілік бұл көріністен, «тәрбиешілердің дастарханы өте керемет, ал балалар тек бауырсақ жеп отыр» деген пікірмен наразылықтарын білдірді. Бұл оқиғаға байланысты Шалқар аудандық білім бөлімінің басшысы Амангелді Қонақбаев түсініктеме берді.

«Бұл 2015 жылдың Наурыз мерекесінде түсірілген сурет. №12 балабақша іші. Бірақ ата-аналар екінші үстелде балаларға ет дайындап жатыр. Ал балалар Наурыз көжені, шайын ішіп болып, асты күтіп отыр. Сол кезде суретті ата-ана түсірген. Төрде тұрған тәрбиешілердің бірі облыс орталығына қоныс аударған»,- деді ол. Бұл суреттің әлеуметтік желіге қалай тіркелгенін ата-аналар да білмейді. «Суретті менің келінім түсірді.

Сол кезде немереме Наурыз мерекесін ұйымдастыру үшін барып, дастархан дайындаған болатынбыз. Тәрбиешілер емес, ата-аналардың өздері ұйымдастырып, дастархан  жайды. Жақсы, әсерлі кеш болды. Қалай әлеуметтік желіге шыққанын білмеймін»,- деді ауыл тұрғыны Ақбике Құрманова. 

inform.kz

0 пікірлер

Пікір қалдыру

Есім:*
E-Mail:
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кодты еңгізіңіз: *
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив