Енді 2, 5 және 7-сынып оқушылары жаңа оқулықпен білім алады

 

Бүгін ҚР Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте еліміздің Білім және ғылым вице-министрі Эльмира Суханбердиева жаңа мәлімдемелер жасады. <span Дереккөз: Inform.kz

Қазақ тілін үйрену
Сурет: youtube.com

2017 жылдың қыркүйек айынан бастап 2, 5 және 7-сынып оқушылары жаңа оқулықпен білім алады.

«ҚР Білім және ғылым министрлігі тарихында комиссия мүшесі еш уақытта 13 адамнан асқан емес және бұл жұмыстардың барлығы жабық режімде жүргізіліп келді. Біз алғаш рет республикалық комисия мүшелерінің санын 40 адамға дейін көбейттік. Еліміздің барлық өңірлерінен мұғалімдер, сонымен бірге тәжірибелі ғалымдар мен депутаттар шақырылды. Олардың қатарында Бірғаным Әйтімова, Бекболат Тілеухан, Жамбыл Ахметбеков бар. Бұл адамдар республикалық комиссия жұмысына қатысты. Конкурсқа отандық және шетелдік 12 баспа қатысты», – деді Эльмира Суханбердиева.

Вице-министрдің айтуынша, комиссия жұмысы толықтай камераға түсірілген.

«Егер пәндік комиссиялардың барлық мүшелерін алатын болсақ, онда олардың саны 140 адамнан асады. Мұндай жайт та бірінші рет болып отыр. Меніңше, жұмыс барынша ашық болды. Осы ретте 2, 5 және 7-сыныптарға арналған оқулықтарды іріктеу жұмыстарының қорытындысын жария етпекпіз», – деді ол.

Комиссиялардың қарауына мыңнан астам оқулық ұсынылған. Іріктеу барысында 240 оқулық қалдырылып, одан кейін оның 197-сі республикалық комиссия қарауына ұсынылған. Комиссия жұмысынан кейін 130 оқулықты пайдалануға кеңес берілген.

«Олар оқушының жас ерекшеліктерін ескере отырып мемлекеттік стандарттар мен бағдарламаларға толық сай әзірленген оқулықтар. Біз 1 жыл бойы 2, 5 және 7-сынып оқулықтарына сараптама жүргіздік», – деді Республикалық ғылыми-тәжірибелік орталық директоры Бейбітгүл Кәрімова.

Кәрімованың айтуынша, жаңа оқулықтар 2015 жылдың жаңа стандарттары негізінде әзірленген және мазмұны жағынан ескі оқулықтар біршама айырмашылығы бар.

0 пікірлер

Пікір қалдыру

Есім:*
E-Mail:
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кодты еңгізіңіз: *
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив