Мектеп оқушылары «GENERATIONNEXT» деп аталатын журнал шығарды

ҚазАқпарат - Бүгін елордада «GENERATIONNEXT» деп аталатын жасөспірімдерге арналған журналдың тұсаукесер рәсімі өтті. Салтанатты шараға ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаева арнайы қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Мен шын жүректен жаңа жобаларыңызға сәттілік, табыстар тілеймін. Министрлік тарабынан қажетті көмектер көрсетіледі. Бұл жоба біз үшін бірнеше тұрғыда барынша маңызды.

Біріншіден, бұл балалардың бастамасы және біз оны әр уақытта да қолдайтын боламыз. 

Екіншіден бұл маңызы зор жоба. Ол таныстырылым барысында да аталып өтілді», - деді министр. Айта кетерлігі, 10-19 жастағы жасөспірімдерге арналған журналды елорданың мектеп оқушылары Алиля мен Әмина Нәрікбаевалар шығарып отыр. Таралымы 5 мың дананы құрайтын журнал қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жарық көреді.

Алғашқы нөмірде Қазақстанның жас ғалымы Дамель Мектепбаева, танымал әнші Динара Сұлтанмен, Назарбаев Университетінің Президенті Шиего Катсумен сұхбаттар жарияланған. Сонымен қатар танымал кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин де арнайы хат жолдап, жас тілшілердің бастамаларына қолдау білдірген. «Біздің журналымыз  10-нан 19 жасқа дейін әрбір қазақстандықтың журналист болып қалыптасуына, маңызды да қызықты идеяларымен бөлісуіне, түрлі кәсіп иелерімен немесе қоғамға пайдасы зор азаматтармен сұхбаттасуға мүмкіндік береді», - дейді журналдың бас редакторы Әсем Берік.    

inform.kz 

0 пікірлер

Пікір қалдыру

Есім:*
E-Mail:
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кодты еңгізіңіз: *
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив