Мектеп оқушысы Екінші Дүниежүзілік соғыс кезінде құлаған ұшақты тауып алды

Данияда мектеп оқушысы тарих пәнінен берілген тапсырманы орындап жүріп, Биркелсе елді мекенінің қасынан Екінші Дүниежүзілік соғыс кезінен қалған ұшақ қалдықтарын тауып алған.

​Мектеп оқушысы Екінші Дүниежүзілік соғыс кезінде құлаған ұшақты тауып алды - Фото
 
14 жастағы Даниэль Кристиансен серіктерімен бірге соғыс кезінен қалған тақтайша сынды темір-терсектерді іздеп жүрген. Ұшақтың бірнеше қирандысын тапқаннан кейін экскаватор жалдап, қалған бөлігін іздеуге кіріседі. Соңында ұшақтан ұшқыштың мәйіті қоса шыққан.
 
Ұшақ шамамен 1944 жылдың соңында құлаған.

​Мектеп оқушысы Екінші Дүниежүзілік соғыс кезінде құлаған ұшақты тауып алды - Фото
 
Қазір Солтүстік Ютландияның тарихи музейі ұшақты  зерттеп, ұшқыштың тұлғасын анықтап жатыр. «Біз ұшқыштың қағаздарын таптық. Аты-жөнін анықтап қалармыз»-дейді музей кураторы Торбен Сараув. Оның болжауынша, ұшқыш Ольборг қаласына жақын орналасқан оқу-жаттығу әуе базасынан ұшып шыққан болуы мүмкін.

​Мектеп оқушысы Екінші Дүниежүзілік соғыс кезінде құлаған ұшақты тауып алды - Фото
 
Жергілікті полиция ұшақтың табылғаны туралы Германияға хабар берген.
 

Дереккөз: ТАСС
inform.kz

0 пікірлер

Пікір қалдыру

Есім:*
E-Mail:
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кодты еңгізіңіз: *
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив