Бекболат тілеухан жуасып қалды

Білім министрін жекпе-жекке шақырып елді шулатқан Бекболат Тілеухан енді орынбасарымен жеке кабинетте кездесейік деді. Осыған дейін шенеуніктермен дауласып жүрген мәжілісмен жуасып қалған сияқты деп хабарлайды 31 арна.

Кезекті отырыста әліппені балабақшада оқытуды көздеген Білім министрлігі басшыларымен депутат бұрынғыдай шекіспеді. Ал өзге мәжілісмендер балалалардың басты проблемасы туралы сұрамақ түгілі, отырысты тастап кетіп қалды.

Депутаттардың алдына шыққан білім министрі орынбасарының баяндамасы әдеттегідей оптимизмге толы болды. Еліміздегі 160 мың бүлдіршіннің балабақшаға бара алмай, ата-аналардың балабақшаға таласуы уақытша қиындық дейді. Кезекке сәбиі дүниеге келгеннен тұрып, уақыты келгенде баласы мектепте оқып жүретіндер алдағы екі жылда болмайды деп сендірді.

Баяндама жасаушылар осындай мәліметтерді айтып жатқанда, депутаттар тыңдамастан кетіп жатты. Ал қалғандары жиын түске дейін созылғанға қарындары ашты ма, сұрақ қоюға шамалары келмей, асықты.

Ал, білім министрін жекпе жекке шақырып, үнемі даудың ортасында жүретін Бекболат Тілеухан әлдеқайда сыпайы болды. Депутат балабақшаға бара алмай қалған балалар әліппені қалай оқитынын шенеуніктен жәй ғана сұрады. Және вице-министрді жеке кабинетте кездесуге шақырды...

"Оны жеке бір кездесеміз. Ақпарат құралдары бұрып әкетеді деп тереңдегім келмейді. Жеке кабинетте кездесе жатармыз", - деді Бекболат Тілеухан.

Осылайша, балабақша мәселесіне қатысты мәжілістегі жиын ың-шыңсыз, тыныш аяқталды. Айтпақшы, бала тәрбиесіне тек депутаттар ғана емес, ата-аналардың өздері де бас ауыртқысы келмейді екен. Білім министрлігінің мәліметінше, отбасылардың тең жартысы мектепке дейінгі білім беруден хабары жоқ.

0 пікірлер

Пікір қалдыру

Есім:*
E-Mail:
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кодты еңгізіңіз: *
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив