Қостанайда мұғалімге 13 жастағы оқушыны азғындады деген айып тағылды

 Қостанайда 52 жастағы бұрынғы дене шынықтыру пәнінің мұғаліміне қатысты сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды.

Бұл туралы "Алау" порталы Қостанай облыстық прокуратурасының басқарма басшысы Қайрат Жүсіповке сілтеме жасап хабарлайды.  Ер адамға 13 жастағы оқушы қызды көрінеу жас балаға қатысты күш қолданбай азғындық әрекеттер жасаған деп айып тағылған. Қыз бала қаладағы орта мектептердің бірінде жетінші сыныпта оқиды. 

"Сотқа дейінгі тергеу шаралары бойынша оның ісі Педагогтың көрінеу жас балаға қатысты күш қолданбай азғындық әрекеттер жасау" бабына ауыстырылған. Айыпталушының әрекеттері кәмелет жасына толмаған қыздың адамгершгілік тұрғысынан дамуына зиян келтірген", - деді ведомствоның өкілі.  Облыстық прокуратураның тергеу қорытындысы бойынша, қылмыстық іс материалдары Қостанай облыстық кәмелет жасына толмағандардың ісі бойынша мамандандырылған ауданаралық сотқа жіберілген. Айыпталушы қамауға алынды. 

Kaz.tengrinews.kz 

0 пікірлер

Пікір қалдыру

Есім:*
E-Mail:
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кодты еңгізіңіз: *
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив