Шымкент әкімі мұғалімдерді Ресей мен Украинадан алдыртуды ұсынды

Шымкенттің орыс мектептерінде орыс тілді мұғалімдер саны күрт азайып кеткен. Сала мамандары жергілікті оқу орындарын бітіруші бес-алты маман ойсырап тұрған бос орындарды толтыра алмайтынын айтып, солтүстік өңірлерден мамандар тартуды ұсынған. Ал Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымовтың мұғалімдерді Ресей мен Украинадан да алдыртуды ұсынып, тіпті асханасы бар жатақхана салып беруге дайын екенін айтады.

Шымкенттің орыс мектептерінде мұғалімдер саны күрт азайған. Қазір зейнет жасына жетіп тұрған 2500 мұғалім қызметін босатар болса, дәріс беретін адам қалмауы мүмкін.

Жанат Тәжиева, Шымкент қалалық білім бөлімінің басшысы:

- Отыз сегіз орын бос тұр, мұғалім жоқ болып.

Білім бөлімі басшысы Шымкент оқу орындарын бітіретіндер саны аз, сондықтан орыс тілді мұғалімдерді елдің солтүстігінен іздеуді ұсынған. Алайда Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов болса, маманды елімізден іздегеннен гөрі, шетелден алдырту керек деп отыр.

Ғабидолла Әбдірахымов, Шымкент қаласының әкімі:

- Орыс тілі мамандарын Ресейден, Украинадан шақыртсақ болады.

Зейнет жасына келгендер кетсе, әрине бос орын одан сайын көбеймек. Олардың орнын қазір жергілікті оқу орындағы оқып жатқандар толықтыра алмайтын көрінеді. Себебі бос қызмет орны көп, бітірушілер аз.

Марат Мамадияров, ОҚМПИ жұмыспен қамту бөлімінің басшысы:

- Қай мектепке, қай ауылға баратыны мәлім боп тұрса. Жалпы сол жұмысқа, сол мекемеге сіңісіп кететіндей жағдай жасалса.

Мұғалімдер дайындайтын оқу орындағылар мемлекеттік грант бөлінбейінше, орыс мектептеріне мамандар көбейту қиын дейді. Ақылы оқуға әркімнің жағдайы келе бермейтіндігі тағы бар.

Баршагүл Исабек, ОҚО Мемлекеттік педагогикалық институтының проректоры:

- Педагогикалық мамандықтардың төлем ақысы 443 мың 300 болғандықтан көбісі төлемақысы жоғары дейді де, келмейді. Ал мысалы гуманитарлық мамандықтар 342 мың. Ал егер грант бөлініп жатса, біздің жоғары оқу орнының оқытуға толық мүмкіндігі бар.

Орыс мектептеріне бар-жоғы 15 грант бөлінеді екен. Оның үшеуі Шымкентте бітіріп жатыр. Ал Ресей мен Украинадан мұғалім алдыртамын деген Шымкент әкімінің сөзінің қаншалықты іске асатынын алдағы уақыт көрсетпек.

Дереккөз: 31.kz

0 пікірлер

Пікір қалдыру

Есім:*
E-Mail:
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кодты еңгізіңіз: *
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив