Ұстаздар еден жуушыға 156 мың доллар төледі

Ұстаздар еден жуушыға 156 мың доллар төледі - Фото

Бұл оқиға Австралияның Квинслед штатында орын алды. Іші пысқан болуы керек, мектеп мұғалімдері еден жуушымен «ойнаймын» деп от басты.

Таңертең ерте мектеп ғимаратына кіріп, сыныптың ішін жууға келген еден жуушы өз-көзіне өзі сенбей, оқыс оқиғаға тап болды. Сыныптың іші бүлінген, әр жерде шашылып қағаздар жатыр,  ішілген сыраның бос бөтелкелерінен кабинет аяқ алып жүргісіз.  Тіпті бір жерде іш киімдер жатыр. Түкке түсінбеген еден жуушы тез арада шашылған сыныпты жөнге келтіріп, екінші, үшінші сыныптың бөлмесіне кіргенде, тағы осындай жағдайға тап болады.  Осы сәтте еден жуушы оқиғаны сыртынан бақылап, күліп тұрған мұғалімдерді көреді. Ақиқатында, оқиға былай болған екен: Еден жуушыны сынап көрмек болған ұстаздар осы тосын оқиғаны әдейі ұйымдастырған.  Сөйтіп, сыныптың ішіне бос бөтелкелер мен қоқыстарды  әкеліп тастаған.

Бұған ашуланған еден жуушы көріністерді әдейі суретке түсіріп алып, қатты ашуланған. Артынан мұғалімдерді сотқа берген. Ақырында ұстаздар ойнаймын деп, от басты. Еден жуушыға моралдық зиян келтіргені үшін олар 156 мың доллар өтемақы төлеген көрінеді.

0 пікірлер

Пікір қалдыру

Есім:*
E-Mail:
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кодты еңгізіңіз: *
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив