Қоғамда латын қарпіне көшу туралы қызу талқылау басталып кетті

Нұрсұлтан Назарбаевтың латын қарпіне көшу туралы тапсырмасынан кейін, қоғамда қызу талқылау басталып кетті. Саясаттанушылар кириллицадан құтылсақ елімізде қазақ тілді және орыс тілді деген топтар жойылады деп пайымдайды. Ал, кейбір депутаттар латын қарпіне ауысу орыстың кириллицасын ұмыттырады деген пікірде. 42 емес, 31 әріптен тұратын латыншаны үйрену оңай ма?

Президент латын қарпіне көшу туралы осыған дейін талай мәрте айтқан болатын. Ал соңғы шыққан мақаласында Үкіметке  қазақ әліпбиінің жаңа нұсқасын ғалымдар мен қоғам өкілдерімен ақылдаса отырып жасауды тапсырды. Тіпті, келер жылдан бастап мектепте латын қарпін үйрету үшін мамандар мен жаңа оқулықтарды шығару керек деп отыр. Мамандар әзірге 31 әріптен тұратын латын әліпбиінің нұсқасын жасап қойыпты. Кезінде Ахмет Байтұрсыновтардың әліпбиінде 28 әріп болса, осыған үш кірме "в", "ф", "х-ны" қалдырдық дейді. Латыншаға көшсек, әліпбиде 42 емес, 31 әріп қана болуы мүмкін...

ӘСЕЛ МҰҚАНОВА, "Жасанды интеллект" ғылыми-зерттеу институтының қызметкері:

- Қалған "и", "е", "ю", "я" секілді дыбыстарды қолданбаймыз. Олардың орнына "е" және "о" әрпін біріктіру арқылы көрсетеміз.

Яғни, мамандар ешқандай қиындық туғызбайды, пернетақтаны да өзгертіп қажет емес деп отыр. Ал саясаттанушылар латын қарпіне ауысу Қазақстанды жаңа белестерге көтеретініне сенімді. Қазақ тілді және орыс тілді топтар жойылады, Қазақстанда тұратын өзге этностар қазақ халқының төңірегіне топтасады деп болжайды...

ЕРЛАН САИРОВ, саясаттанушы:

- Латын әрпін енгізу қазатың социумын біріктіретін үлкен қадам. Қазақ тілді орыс тілді деген топтар жойылады.

Ал депутаттардың пікірінше, латын қарпі біртіндеп енгізілуі керек. Әсіресе, орыс тілділер толық үйреніп кеткенше екі әліпбиді қатар қолдану керек дегендер де болды. Дегенмен, кейбір мәжілісмендер 80 жылға жуық оқытылған кириллица ұмытылып кете ме деп те алаңдайды...

ИРИНА СМИРНОВА, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Таким образом Казахстан дальше уходит от русского мира. Потому что кириллица уходит и этот алфавит будет потерян для следующее поколение. Мне это печально.

Қарапайым жұрт та, әсіресе компьютерде отырмайтындарға латын қарпін үйреніп алу оңайға соқпайды дейді. Ана тілінде оқып, жаза алмайтындар тіптен қиналатындарын айтады...

ГҮЛБАНУ ӘНИЯТҚЫЗЫ, тілші:

- Ал, президент Үкіметке қазақ тілін латын әліпбиіне көшірудің нақты кестесін жасауды да тапсырды. Енді еліміз латыншаға көшу үшін дайындық жұмыстарына кіріседі. Кириллица біртіндеп келмеске кетіп, 2025 жылдан бастап еліміз толықтай латын қарпіне көшпек.

Гүлбану Әниятқызы, Нұркен Тоқмузин

31.kz

1 пікірлер

0 "16 апрель 2017 01:56" жулдызайҚонақтар

Салеметсіз бетехнологиядан болама екен жариялауға материялдар

Пікір қалдыру

Есім:*
E-Mail:
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кодты еңгізіңіз: *
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив