Ғалымжан Мелдешов: 2018 жылға дейін біз оқулықтарды ретке келтіруіміз керек

Мемлекет басшысы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын жариялады. Онда Елбасы қазақ әліпбиін біртіндеп латынға көшіру жөнінде айтқан. Осы жөнінде ҚР МСМ Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті төрағасының орынбасары Ғалымжан Мелдешов пікірін білдірді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Елбасы өз мақаласында БҰҰ-дағы алты тіл бар дейді. Ол – ағылшын, орыс, қытай, испан, араб және француз тілдері. Осы 6 тілдің 3-уі латын қарпімен жазылады екен. Сондықтан латын қарпіне көшуге байланысты біраз ойлар айтылды. 2018 жылға дейін біз оқулықтарды ретке келтіруіміз керек. Одан әрі мектеп бағдарламасына, мұғалімдерді де дайындауымыз керек», - деді ол.

Осы орайда Ғалымжан Мелдешов бұл бағытта тиісті жұмыстардың жүргізілетіндігін атап өтті.

«Сондықтан бұл мәселені біз назардан тыс қалдырмаймыз. Тіл комитетінде жүйелі түрде латын қарпімен айналысатын ғалымдардың басын қосып отырамыз. Елбасының мақаласы шыққаннан кейін біз комитет басшыларымен ақылдыстық. Алдағы уақытта олардың басын қосып, «латын әліпбиіне қалай көшеміз» деген мәселені күнтәртібіне қоймақпыз», - деді басшы.

Сонымен қатар, Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті төрағасының орынбасары банктердің латын қаріпбиіне көшіп кеткендігін мысалға келтірді.

«Латын қарпіне банктер көшіп кетті ғой. «КазКом» банкі қазір «Qazkom» деп өзгерді. «Қазақ банкі» де латын қарпін қолданып жүр. Мен бұл мәселеде аса қиындық туады деп ойламаймын», - деді ол.

Сөз соңында ол «қазақ» сөзінің латын әліпбиінде «q» әрпімен жазылуы маңызды екендігіне тоқталды.

«Жақында ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Қасымжомарт Тоқаев «қазақ» сөзінің латын қарпінде жазылуына байланысты пікірін білдірді. «Q» - ерекше әріп. Біз одан айырылмауымыз керек. Қазіргі латын үлгісіндегі «Kazakhstan» деген үлгі «Qazaq» деген тәртіпті бұзып отыр. Егер латын қарпіне көшіп, «Qazaq» деген сөзде «q» әрпін қолдансақ, ол өзінің табиғи қалпын сақтайтын болады. Сондықтан біз латын қарпіне көшу мәселесін қолдап, мүмкіндігінше осы бағытта жұмыс істейміз», - деп түйіндеді ойын Ғалымжан Мелдешов.

Baq.kz 

0 пікірлер

Пікір қалдыру

Есім:*
E-Mail:
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кодты еңгізіңіз: *
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив