Қостанай облысында екі мектеп лицензиясыз жұмыс істеген

ҚазАқпарат - Қостанай облысында екі мектеп лицензиясыз жұмыс істеген, деп жазады ҚазАқпарат тілшісі. Бұл туралы облыстық білім саласын бақылау департаментінің басшысы Орал Қаппасов хабарлаған.

Таран ауданы Смайловск орта мектебінде мүлде лицензия болмаған, ал Қостанай ауданы Алтынсарин орта мектебінде жалпы орта білім беру дәрежесі бойынша лицензияға қосымша болмаған. «Таран аудандық сотының шешімімен Смайловск орта мектебі әкімшілік жауапкершілікке тартылды, - деп мәлім етті Орал Қаппасов.

- Нәтижесінде мектеп 100 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл төледі». Облыстық білім саласын бақылау департаментінің басшысы Орал Қаппасовтың айтуынша, соңғы 5 жылда өңірдегі мектеп саны 10 пайызға қысқарған: 55 бастауыш және орта білім беру мекемесі өз лицензиясының және оның қосымшасының тоқтатылуын өтініп өтініш жазған.

2 мектептің лицензиясы сот шешімімен тоқтатылған. Олар: Федоров ауданы Владыкин ауылы мектебі және Таран ауданы Смайловск орта мектебі.

inform.kz 

0 пікірлер

Пікір қалдыру

Есім:*
E-Mail:
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кодты еңгізіңіз: *
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив