Ораза кестесі 2018 жыл | Рамазан 2018 год

Назарларыңызға 2018 жылғы Қазақстан қалаларының Рамазан айындағы ораза және намаз уақыттарының кестесін ұсынамыз.

Төралқа Мәжілісі мүшелерінің бірауызды шешімімен биылғы пітір садақа мөлшері – 300 теңге болып бекітілді. Еске сала кетейік, пітір садақаны Рамазан айының бірінші күнінен ораза айт намазына дейін беруге болады

Ауызашар кезінде оқылатын дұғалар

Оразада ниет маңызды. Ниетсіз, басқа мақсатпен (арықтау, т.б.) ауыз бекіту бекершілікпен тең. Бұл орайда ауыз ашар кезінде және ауыз бекіту кезінде оқылатын дұғаларды біле жүріңіз.

Сәресіде оқылатын дұға:

نَوَيْتُ أنْ أصُومَ صَوْمَ شَهْرُ رَمَضَانَ مِنَ الْفَجْرِ إِلَى الْمَغْرِبِ خَالِصًا لِلَّهِ تَعَالَى

Оқылуы: «Нәуәйту ән асумә саумә шәһри Рамаданә минәл фәжри иләл мағриби халисан лилләһи таъалә».

Мағынасы: «Таңертеннен кешке дейін Аллаһтың ризалығы үшін Рамазан айының оразасын ұстауға ниет еттім».

Ауыз ашарда оқылатын дұға:

اللَّهُمَّ لَكَ صُمْتُ وَ بِكَ آمَنْتُ وَ عَلَيْكَ تَوَكَّلْتُ وَ على رِزْقِكَ اَفْطَرْتُ وَ صَوْمَ الْغَدِ مِنْ شَهْرِرَمَضانَ نَوَيْتُ فاغْفِرْ لِي ما قَدَّمْتُ وَ ما اَخَّرْتُ

Оқылуы:«Аллаһуммә ләкә сумту уә бикә әәмәнту уә ‘аләйкә тәуәккәлту уә ‘ала ризқикә әфтарту уә саумәлғади мин шәһри Рамадана нәуәйту, фәғфирлии мәә қаддамту уә мәә аххарту».

Мағынасы: «Аллаһым! Сенің ризалығың үшін ораза ұстадым. Сенің берген ризығыңмен аузымды аштым. Саған иман етіп, саған тәуекел жасадым. Рамазан айының ертеңгі күніне де ауыз бекітуге ниет еттім. Сен менің өткен және келешек күнәларымды кешір».

Биыл Рамазан айы 30 күн болады. Сәресі ішу таң намазына 10 минут қалған кезде тоқтатылады. Ауызды Ақшам намазының уақыты болысымен ашу керек. Назарларыңызға Қазақстанның әр қаласына арналған Ораза ұстау кестесін ұсынамыз:

Атырау қаласы ораза кестесі 2018 жыл

Астана қаласы ораза кестесі 2018 жыл

Алматы қаласы ораза кестесі 2018 жыл

Ақтөбе қаласы ораза кестесі 2018 жыл

Ақтау қаласы ораза кестесі 2018 жыл

Тараз қаласы ораза кестесі 2018 жыл

Талдықорған қаласы ораза кестесі 2018 жыл

Шымкент қаласы ораза кестесі 2018 жыл

Семей қаласы ораза кестесі 2018 жыл

Өскемен қаласы ораза кестесі 2018 жыл

Көкшетау қаласы ораза кестесі 2018 жыл

Петропавл қаласы ораза кестесі 2018 жыл

Орал қаласы ораза кестесі 2018 жыл

Қызылорда қаласы ораза кестесі 2018 жыл

Қостанай қаласы ораза кестесі 2018 жыл

Қарағанды қаласы ораза кестесі 2018 жыл

Павлодар қаласы ораза кестесі 2018 жыл

Қапшағай қаласы ораза кестесі 2018 жыл

Талғар  қаласы ораза кестесі 2018 жыл

Қаскелең қаласы ораза кестесі 2018 жыл

 

 Ораза ұстау тәртібі қалай?

1. Мұсылман болу: Ораза мұсылмандарға парыз. Сондықтан жаңа мұсылман болған жандарға өткен жылдардағы ораза секілді ғибадаттарына қаза керек емес. Олардың бейне бір жаңа туған сәбидей барлық күнәсі кешіріледі: Құранда Аллаһ Тағала: (Мұхаммед) «Күпірлік еткендерге егер олар жамандықтан тыйылса, өткен күнәлары кешіріледі. Ал егер олар қайталаса, сонда өткендегілердің де үкімі орындалады» де. (Әнфал, 8/38) 
2. Балиғат жасында болуы және ақыл-есі түзу болу: Бала мен ақыл-есі ауысқан, талған адамға немесе мас адамға ораза ұстау парыз емес. Бұлардың санасы толық болмағандықтан, мұндай әмір оларға жүктелмейді. Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай дейді: «Үш адамға қалам жазылмайды: Балиғат жасына жетпейінше балаға, ақыл-есі түзу болғанға дейін ақылы кеміске, оянғанға дейін ұйқыда жатған адамға» (Бухари, Талақ, 11; Әбу Дәәуд, Худуд, 17). Яғни, сана аса маңызды. Аллаһтың әмірі саналы жандарға келген. Жеті жасқа кірген кезден оразаға күші жететін қыз бала мен ер балаға ата-анасы ораза ұстатып үйрету керек. Мақсат — балаларды оразаға баулу. Ақыл-есі кемтар не есінен танып қалған адамдарға уақытша болса да ораза парыз емес. Ақылы орнына келсе, қазасы өтелмейді. 
3. Ораза ұстауға күші жету және тұрғын болу: Науқас немесе жолаушыларға ораза парыз емес. Бірақ ораза ұстаса, оразасы дұрыс. Ал ораза ұстамаса, басқа күндері оразасын қаза етеді. Құранда олар жөнінде былай дейді: «Ораза санаулы күндерде. Кімде-кім науқастанса яки жолаушы болса, басқа күндері өтесін» (Бақара, 2/184). Кәрілік жасқа келіп, ораза ұстауға шамалары келмеген жандарға ораза парыз емес. Сонымен қатар хайыз, нифас кезіндегі әйелдер және өзі немесе баласына зиян тиюі ықтимал екі қабат әйелдер мен бала емізген әйелдерге де парыз емес. Кәрі адамдар ораза орнына пидия береді. Олар оразаның қазасын да өтемейді. Жолаушыға келсек, ол 90 шақырымнан астам жерге жолаушылап шықса, жолаушы саналып, ораза ұстамауына рұқсат. Бірақ кейін ұстамаған күндерінің қазасын өтейді.

Ақпарат.

Оразаның дұрыс орындалу шарттары

1. Хайыз бен нифастан таза болу: Хайыз бен нифас жағдайындағы әйелдер уақыты өткеннен кейін Оразаның казасын өтейді. Бірақ бір адамның түнде немесе күндіз жүніп күйінде болуы, Ораза ұстауына кедергі емес. Бірақ мүмкіндігіне қарай, ауыз бекітпес бұрын, ғұсыл алу - абзал. 
2. Ниет: Барлық Оразаға жүрекпен ниет ету - жеткілікті. Бір адам түн жарымында ертеңгі күннің Ораза екенін біліп, бұл айда Ораза ұстайтынын жүректен өткізсе немесе сәресіге тұрса, бұл ісі Ораза ұстауға ниет саналады. Бірақ тілмен айту мәндүп. Барлық Оразаға түнде немесе таң уақыты кірмей тұрып ниет ету - абзал. Рамазан Оразасына ниет етерде әрбір күніне жеке-жеке ниет ету шарт. Себебі әрқайсысы өз алдына жеке ғибадат. Бұл - факихшілердің басым көпшілігінің пікірі. Оразаға ниет ету екіге бөлінеді. Бірінші -түнде ниет ету. Бұларға қарыз болған Оразалар жатады. Яғни, Рамазан қазасы, ұстап, бірақ аяқталмай қалған нәпіл Оразаның казасы және кәффәрат Оразасы мен жалпы атау (нәзір) Оразасы осы топқа жатады. Міне, мұндай Оразаны ұстайтын адамдар түнде немесе таң атпай тұрып, ниет етуі шарт. Ақшам уақытында шешім қабылдау мен сәресіге тұру да ниетке жатады. Екінші - түнде ниеттену мен анықтау шарт емес Оразалар: Бұған Рамазан Оразасы, уақыты белгіленген атау Оразасы және мұстахап, мәкрүһ, сонымен қатар, барлық нәпіл Оразалар жатады. Мұндай Оразаларға ақшамнан бастап, ертесі күні түске дейін ниет ете алады. Бірақ бесіннен бұрын мұндай Оразаға ниет ететін адам екінші шанақтан бері ешнәрсе ішіп-жемеген болуы керек. Бесіннен бұрын нәпіл Оразаға ниет ете алуға мына хадис дәлел: Аллаһ Елшісі (с.а.у.) бір күні Айшаға былай деді: «Бесінғе тамақ бар ма?». Айша: «Жоқ», - деп жауап қайтарды. Сонда Аллаһ Елшісі: «Онда мен ораза ұстаймын», - деді. Кісі түнде қандай да бір Оразаға ниет етсе, бірақ екінші шапақ атпай тұрып, ниетінен бас тартса, бұл бас тартуы дұрыс саналады. Сол секілді Оразасын бұзуға ниет етіп, аузын ашпаса, Оразасы дұрыс болып саналады. Ниет еткенде екі ойлы немесе шарт қою арқылы ниет етпеу керек. Мысалы: «Ертең пәленше қонаққа шақыра қалса, аузымды ашуға, егер шақырмаса, ораза ұстауға ниет еттім» дегендей ниет жарамсыз. Рамазан түні немесе күндіз есінен танып қалып, түс уақытынан бұрын айығып ниет етсе, Оразасы жарамды. Бір адам Рамазан айында уәжіп немесе нәпіл Оразаға ниет етсе, ол Рамазан Оразасына ниет еткен болып саналады. Бұл мәселеде мейлі тұрғын, мейлі жолаушы, тіпті науқас адам болсын еш

ОРАЗА ДҰҒАЛАРЫ 
Ауыз бекіту дұғасы: 
Нәуайту ән асума саума шаһра рамадана минал фажри иләл мағриби халисан лилләһи таъала. Аллаһу акбар! 
Қазақша мағынасы: Аллаһтың разылығы үшін таң білінгеннен күн батқанға дейін рамазан айының оразасын ұстауды ниет еттім. 
Ауыз ашу дұғасы: 
Аллаһумма ләкә сумту уә бикә әмәнту уә ъаләйкә тәуәккәлту әу ъала ризқикә афтарту фағфирли зунуби ма қаддамту уа мә аххарту. Аллаһу акбар! 
Қазақша мағынасы: Аллаһым! Сен үшін ораза тұттым, Саған иман келтірдім, Саған тәуекел еттім. Сенің берген ризығыңмен ауыз аштым. Уа кешірімді Аллаһым! Менің әуелгі және кейінгі күнәларымды кешіре гөр..

0 пікірлер

Пікір қалдыру

Есім:*
E-Mail:
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кодты еңгізіңіз: *
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив