Димаш туралы сұрақтар ҰБТ-ға енгізілмек

ҰБТ-ның қорытынды тапсырмаларына танымал қазақстандық тұлғалар туралы сұрақтар енген жоқ, бірақ байқау сынақтарында кезігуі мүмкін, деп хабарлады ҚР БҒМ Ұлттық тестілеу орталығының директоры Рамазан Әлімқұлов орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте

Бұл туралы Sputnik хабарлайды.

“Танымал тұлғаларға қатысты барлық сұрақ байқау тестілеуінде болды. Байқау сынағындағы сұрақтар ҰБТ деректер базасына ешқашан енгізілген емес. Болашақта да Димаш Құдайберген туралы сұрақтар құрастыруымыз мүмкін, бірақ, тағы да қайталап айтайын, бұл байқау сынағы деңгейінде ғана болады”, — деп мәлімдеді Рамазан Әлімқұлов БАҚ өкілдері сұрақтарына жауап беріп.

Айта кетейік, ҰБТ-ның деректер базасына қазақ және орыс тілдеріндегі 40 мың сұрақ енеді екен. Қазіргі уақытта емтихан материалдары құпия түрде басылып шығарылуда.

0 пікірлер

Пікір қалдыру

Есім:*
E-Mail:
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кодты еңгізіңіз: *
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив