Интернет-дүкендердегі мектеп бітіру кешіне арналған көйлектер шын мәнінде қандай (фото)

Америкалық қыздар желіде тапсырыс берген көйлектерінің суретін көрсетіп елді таңғалдырды. Олардың көпшілігі азиаттық интернет-дүкендерге тапсырыс берген.

Мектеп бітіру кешіндегі ең маңыздысы – көйлек. Ғаламторда жарқырап көрінген киімдер тапсырыс арқылы жеткізілгенде адам күткендей болмай жатады. Олар қапталып келгендіктен түрі де басқа болып, сәнсіз көрінеді.

Бұл көйлектер арзанға бағаланып, сол арқылы көп тапсырыс алады.

Шын мәнінде көйлектер сапасыз маталардан жасалып, дұрыс тігілмей жатады.

SheIn, Sweetheart Girl, Shop In Dress интернет-дүкендері тапсырыс берушілер тарапынан түскен шағымдарға байланысты ескерту алған.

Мұндай сайттармен алаяқтар да айналысып оңай ақша жасайды. Олардың сайтында өздері туралы ақпарат жазылмайды. Және тауар бағасы өте арзан болады. Олар суреттерді әр жерден алып жариялап қояды. Соңында сатып алушының ақшасын қағып, ешқандай тауар жеткізіп бермейді.

 

 

0 пікірлер

Пікір қалдыру

Есім:*
E-Mail:
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кодты еңгізіңіз: *
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив