Интернетте ҰБТ сұрақтары сатылып жатыр деген ақпарат тарады

Әлеуметтік желіде ҰБТ кезінде жақсы балл алуға «көмектесетін» қосымша сатылып жатыр деген ақпарат тарады, деп хабарлайды

ҰБТ бағдарламасын «алдай алатын» қосымша туралы Facebook желісінде алматылық Дидар Марданов жазды.

«Білім және ғылым министрлігіндегілер әлеуметтік желіде ҰБТ-да жоғары ұпай жинауға көмектесетін қосымшаның таралып жатқанын біле ме екен? Алаяқтықтың иісі шығып тұр. Зерттеуге және қандай да бір шара қолдануға кеңес беремін», - деді Дидар Марданов дәлел ретінде скриншот жариялап.

 

э

Бағдарламаны QIWI-кошелек арқылы сатып алуға болады.

 

Қосымшаны құрастырушылар талапкерлерге қосымшаға қалай қол жеткізуге болатынын түсіндіру үшін чат ашып қойған

ҚР Білім және ғылым министрлігі Tengrinews.kz ресми сауалына берген жауабында, қосымшаны құрастырғандардың қолына тапсырмалар базасы қалай түскенін білмейтінін хабарлады.

«Министрлік тест сұрақтарының базасы туралы мәліметтерді және қосымшаны құрастырушылардың қолына қалай түскенін білмейді. Себебі министрлік пен Ұлттық тестілеу орталығы ҰБТ тестілеу сұрақтарын әлеуметтік желіде сатумен айналыспайды», - делінген ҚР БҒМ жауабында.

ҚР БҒМ өкілдері заңға сәйкес мемлекеттік қаржыға өткізілетін ҰБТ және ТКТ тестілерінің дұрыс жауап кодтарын жария ету мемлекеттік құпияны жариялаумен тең екенін түсіндірді.

«Мемлекеттік құпиялар туралы» ҚР заңына сәйкес, Ұлттық тестілеу орталығының атынан ҚР ҰҚК-ге хат жіберіледі. Сол себепті заң бұзушылықтар жайлы немесе алаяқтық мәселесі туралы қызметтік тексерістен кейін ғана шара қолдануға болады», - деді ҚР БҒМ өкілдері.

Министрлік барлық талапкерге ҰБТ-ға дайындалу үшін тек ресми дереккөздерді не олардың филиалдарынан пайдалануға кеңес береді. Ұлттық тестілеу орталығы және оның филиалдары дайындық тестерін қағаз форматында өткізеді. Олардың адресін мына жерден көруге болады. Сонымен қатар, онлайн-тестілеуден де өтуге болады. Сондай-ақ «Егемен Қазақстан» газетінде апта сайын кітапша болып тест тапсырмалары жарияланады.

Baq.kz

0 пікірлер

Пікір қалдыру

Есім:*
E-Mail:
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кодты еңгізіңіз: *
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив