25-ші мамырда мектеп бітірушілерге банкет өткізуге тыйым салынады - Ғабидолла Әбдірахымов

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Мамыр айының 25 жұлдызында мектеп оқушыларына банкет өткізуге тиым салынады. Соңғы қоңырау күні түлектердің  қауіпсіздік шараларын күшейту жұмыстарын талқылаған жиында Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов осылай деді. 

Шаһар басшысы, сондай-ақ, бұл күні қала көшелерінде кортеждердің жүрмеуін де қатаң қадағалауды тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі. Мәжілісте  қала әкімі соңғы қоңырау соғылған және мектеп бітіру кештерін өткізген күндері түлектердің қатысуымен өтетін шерулерге тыйым салу бастамасын көтерді.  

Бұл бағытта жергілікті полиция қызметкерлеріне күшейтілген тәртіпте жұмыс істеп, кешкілік мезгілде ойын-сауық орталықтарында арнайы рейд жүргізуге тапсырма берілді.

«Еш жерде банкеттер өтпесін. Мен бұл бағытта қадағалауды білім бөліміне және ішкі істер басқармасымен бірлесіп орындауды тапсырамын. Кезекшілік жүргізіп, қоғамдық орындар мен мейрамханаларда, демалыс орындары мен мектептерді қарап шығыңыздар.  Алдын ала ата-аналармен жиналыстар өткізіп, осы тапсырманы жеткізіңіздер.

Өйткені балалардың қауіпсіздігіне сол ата-аналар мен мектеп директорлары да жауапты», - деді Ғабидолла Әбдірахымов. Айта кетейік, жыл сайын соңғы қоңырау күні түлектер түрлі келеңсіз, қайғылы жағдайларға тап болып жатады. Мәселен, өткен жылы Мақтарал ауданында екі мектеп бітіруші жол апатынан ажал құшқан болатын.


inform.kz

0 пікірлер

Пікір қалдыру

Есім:*
E-Mail:
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кодты еңгізіңіз: *
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив