Түлектер кеші мектепте өтуі тиіс – ҚР Білім және ғылым министрлігі

ҚР Білім және ғылым министрлігі елорда мектептерінде түлектер кешін өткізуге, мұғалімдерге сыйлыққа, дастархан жаюға ақша жинау туралы қауесетке түсінік берді. Дереккөз: Inform.kz

Мектеп бітіру кеші
Көрнекі сурет

«Жалпы орта білім алғаны жөніндегі аттестаттарды салтанатты табыстау рәсімі болатын түлектер кеші мектепте өтуі тиіс. Министрлік түлектерге арналған барлық шараларды мектеп қабырғасында ұйымдастыру керектігіне кеңес береді. Барша мектептерге түлектер кешін өткізу бойынша ұсыныстар жасалды. Астана қаласы Білім басқармасының мәліметінше, қала мектептерінде ақша жинау шаралары жүріп жатқан жоқ»,-деді Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте ҚР БҒМ баспасөз хатшысы Арман Жүнісов.

Осы орайда ол 2016-2017 оқу жылының басында еліміздің барлық мектептері үшін ақша жинауға тыйым саланытындығы туралы бұйрық шығарылды. Аталған бұйрықты барлық мұғалімдер мен мектеп басшылығы орындауы тиіс. Егер оны бұзған жағдайда әкімшілік жауапкершілік шаралары ескерілген.

0 пікірлер

Пікір қалдыру

Есім:*
E-Mail:
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кодты еңгізіңіз: *
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив