2017 жылғы білім гранты иегерлерінің тізімі жарияланды

ҚР Білім және ғылым министрлігінің сайтында 2017 жылғы грант иегерлерінің толық тізімі талапкерлердің аты-жөндерімен шықты.

БІЛІМ ГРАНТЫ ИЕГЕРЛЕРІНІҢ ТІЗІМІ (PDF форматы)

БІЛІМ ГРАНТЫ ИЕГЕРЛЕРІНІҢ ТІЗІМІ (EXCEL форматы)

ЖСН арқылы тексеру 

Биыл тест сынағын тапсырғандарға берілетін мемлекеттік білім гранттарын бөлу мәселесін қарастырған республикалық комис­сия өз жұмысын қоры­тын­дылап, грант иегерлерін анықтады.

Көпшілік сарыла күткен конкурс нәтижесін назарларыңызға ұсынамыз. Биыл жалпы 37 932 грант бөлінген. Оның ішінде, 35 082 грант 1 курсқа қабылдау үшін (күндізгі оқу нысаны бойынша – 34 782, сырттай оқу нысаны бойынша – 300 грант), 2850 орын – жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдері үшін бөлінген.

Техникалық ғылымдар мен технологиялық мамандықтарға - 13 670 грант, педагогикалық мамандықтарға - 8 235 грант, ауыл шаруашылығы мен ветеринарлық мамандықтарға - 2 682 грант, медициналық мамандықтарға 3 150 грант қарастырылған. Бұл ретте мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға жіберілген жоғары оқу орындарының тізімі кеңейтілген. Білім грантын тағайындау конкурсына 63 169 адам қатысқан.

Оның ішінде 49 858 адам  – қазақ тіліндегі оқу бөліміне, 13 311 адам – орыс тіліндегі оқу бөліміне тапсырған. «Мәңгілік ел жастары – индустрияға!» жобасы шеңберінде квота бойынша оқуға 9 148 адам конкурсқа қатысқан.

Сілтемеге өтіп, ЖСН арқылы нәтижені көре аласыздар! Алайда серверге бір мезетте көп қолданушы кіргендіктен ұзағырақ күттіруі мүмкін. Мысалы: 

 

 

0 пікірлер

Пікір қалдыру

Есім:*
E-Mail:
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кодты еңгізіңіз: *
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив