Өнерлі өрендер жүлдегер атанды

Өнерлі өрендер жүлдегер атанды
Жандилдаева Жұмагүл Төлепбайқызы
Жезқазған қаласы №1орта мектеп
бастауыш сынып мұғалімі.


Өнерлі өрендер жүлдегер атанды
«Өнерлі өрге жүзеді» демекші, Қарағанды облысы. Жезқазған қаласының №1 жалпы орта білім беретін мектебінің өнерлі оқушылары өнерлерімен дүйім жұртты тәнті етіп қайтты . Астана қаласында тақауда өткен VIII халықаралық «Ақ көгершін» фестивалынан бас жүлдемен ,жүлделі 1-2-3 орындарды иеленіп қайтқан шәкірттеріміз мектебіміздің одан қалды қаламыздың мақтанышына айналды. Дәстүрге айналған өнер байқауы биыл ел ордасы – Астана қаласында өтті.
Өнерлі өрендер жүлдегер атанды
Аталмыш шараға басқа да алыс-жақын шетелден сонымен қатар, елімізден 2 мыңға жуық өнерлі бала қатысып, «Вокал», «Хореография», «Халық әндері», «Бірегей жанр», «Көркем сөз», «Балалар сән көрсетілімі» аталымдары бойынша сайысқа түсті.
Бес күнге созылған байқау қорытындысында. «Балалар сән көрсетілім»аталымы бойынша мектебіміздің даярлық сыныбының оқушысы 5 жасар Қуаныш Еркеназ «Мисс Грация» номинациясын иеленіп Турция елінің Анталия қаласына 10 күндік жолдаманы ұтып алды. «Көркем сөз» аталымы бойынша бағын сынаған Тасқараева Балжан ІІ дәрежелі дипломға ие болып, лауреат атанса, «Халық әндері»аталымы бойынша ІІ дәрежелі дипломды Мырзабаева Айгүл иеленіп дипломант атанып қайтты. «Балалар сән көрсетілімі» «Кішкентай ханзада», «Кішкентай ханшайым» аталымдары бойынша VIII халықаралық «Ақ көгершін» фестивалынан бас жүлдесін мектебіміздін кішкентай 6жасар жеткіншегіміз Камен Наргиза жеңіп алса, жүлделі 1орынды 7 жасар сері жігітіміз Сейітбаттал Сағындық еншілеп оралды.«Вокал» аталымдары бойынша 9 сынып оқушысы Әділбай Әділет ІІI дәрежелі дипломды иеленді.«Ұстаздан шәкірт озар» дегендей, жас өрендерді өнерге баулуда мектебіміздің өнерлі де жігерлі жас таланттарын шыңдайтын ұстаздары Алмагул Хамаридденқызы мен Жазира Айтбайқызының еңбектерін айтып өткен жөн. Осыған орай өнерлі өрендеріміздің мектеп қабырғасында алған тәлімін талантымен ұштастырған талапты өнерпаз өрендердің өнерлерін мұғалімдер мен оқушылар тамашалап талапты өнерпаздар көрермендер тарапынан зор қошаметке ие болды. Мектеп директоры Досанов Абдірахман Мұханбетжанұлы өнерлі де жігерлі жас таланттарымызға,ұстаздарымыз бен ата-аналарына жылы лебізімен құттықтау арнап ұжым атынан шығармашылық табыспен сәттілік тіледі.

Жандилдаева Жұмагүл Төлепбайқызы
Жезқазған қаласы №1орта мектеп
бастауыш сынып мұғалімі.

0 пікірлер

Пікір қалдыру

Есім:*
E-Mail:
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кодты еңгізіңіз: *
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив