Сағадиев: Мен алғашқы ұстаздарыма қарыздармын (видео)

ҚР білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев ұстаздардың кәсіби мерекесі қарсаңында арнайы құттықтау жолдады.

Елімізде мұғалімдердің кәсіби мейрамы қазан айының алғашқы жексенбісіне орай аталып өтеді. Ал биылғы жыл бұл атаулы мереке қазан айының бірінші күніне тұспа-тұс келді.

Құттықтау барысында министр өз ұстаздарын да еске алып, өзінің дамуына олардың қосқан ерекше үлесі барын атап өтті.

“Құрметті әріптестер, қымбатты біздің ұстаздар, баршаңызды шын жүректен кәсіби мерекелеріңізбен құттықтаймын. Біз оңай заманда өмір сүріп отырған жоқпыз. Білім жүйесі бұрыннан өзгерісті талап етіп келеді. Мұны мемлекет басшылығы да, ұстаздар да, ата-аналар да түсініп отыр. Мұғалімдік – әлемдегі ең жауапты мамандық. Сіздерге шыдам, табыс, шығармашылық жетістіктер тілеймін. Алғашқы ұстазым Анна Дорофеева менің ылғи есімде. Алматы қаласындағы №1 мектепке бармас бұрын ол мені өз үйінде дайындады. Мен ол кісіге қарыздармын. Менің тұлға болып қалыптасуыма ұстаздарымның сіңірген еңбегі орасан”, – дейді министр.

Бейне-құттықтай ҚР білім және ғылым министрлігінің Фейсбуктегі ресми парақшасында жарияланды.

 

0 пікірлер

Пікір қалдыру

Есім:*
E-Mail:
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кодты еңгізіңіз: *
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив