Білім министрі: Оқулықтағы жалған ақпаратқа қатысты полицияға шағым түсіреміз

Білім және ғылым министрі математика оқулығына қатысты шыққан шудан кейін мақсатты түрде халықты алдау жүріп жатқанын мәлімдеді.

Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев математика оқулығындағы жалаңаштанған ер адам мен әйелдің суреті туралы жалған ақпарат таратуға қатысты қылмыстық іс туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Sputnik.

“Біз ішкі істер министрлігіне шағым түсірдік, олар оны тексеруге кірісті. Менің білуімше, қылмыстық іс қозғалды. Бізге олар әзірге ақпарат берген жоқ”, — деді Сағадиев БАҚ өкілдеріне.

Ол министрлік полицияға шағым түсіруге міндетті болғанын атап өтті.

“Біз шағымдануға міндеттіміз. Егер халықты мақсатты түрде алдау жүріп жатса, мұнымен ішкі істер министрлігі айналысуы керек. Бұл жұмыстың нәтижесін күтейік”, — деп қосты министр.

Еске сала кетейік, білім және ғылым министрлігі шағым түсірген соң ішкі істер министрлігі жалған ақпарат тарату фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. Әлеуметтік желіде математика оқулығындағы тапсырмалардың бірінде жалаңаштанған әйел мен ер адамның суреті бейнеленген деген жалған мәлімет жарияланған болатын.

0 пікірлер

Пікір қалдыру

Есім:*
E-Mail:
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кодты еңгізіңіз: *
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив