Білім министрлігі Есеп комитетінің айыптауына жауап берді

Білім министрлігі аймақтардағы мектеп жабдықтарын түгендемек. Осы арқылы бюджеттен бөлінген миллиардттардың дұрыс игерілгенін дәлелдемекші. Өйткені, ведомстваға аудит жүргізген Есеп комитеті біраз қаржылық былықтың бетін ашқан болатын. Яғни, шенеуніктер 43 миллиард теңгені жөнді жарата алмаған болуы мүмкін, – деп хабарлайды КТК арнасы.

«Қазір тиісті комиссия құрылып, облыс аудандарға тексерумен барады. Өйткені, мектептерге алынған жабдықтар тізімге кірмегендіктен, есепке алынбай қалған болуы мүмкін. Енді соның салдарынан қаржылық заңбұзушылықтар шығып жатыр. Кінәлілер болса, жазаға тартылады», – дейді ҚР Білім және ғылым вице-министрі Бибигүл Асылова.

Осылай деген вице-министр миллиардтардың қайда жұмсалғанын да түсіндіріп берді. Яғни, қыруар қаржының 31 миллиарды «e-lerning» жүйесіне бөлінген дейді. Білім ордаларын жаңа технологиямен қамтитын бағдарлама бойынша мыңдаған компьютер алынған. Ал, қалған қаржы жаңа мектеп салып, ескіргендерін жөндеу үшін жергілікті әкімдіктерге беріліпті. Бір айта кетерлігі, министрдің орынбасарлары ведомствадағы қаржылық былықтың 2016-шы жылға дейін болғанын айтып, Ерлан Сағадиевке шаң жуытқан жоқ. Ал Есеп комитеті Білім мнистрлігіндегі қаржылық заң бұзушылық бойынша істі құқық қорғау органдарына жіберіп қойған.

0 пікірлер

Пікір қалдыру

Есім:*
E-Mail:
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кодты еңгізіңіз: *
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив