Алматылық оқушылардың электронды күнделіктерінде порносуреттер пайда болды (фото)

"Kүнделік" электронды журналында төрт алматылық оқушының суреті Интернеттегі порносуретпен ауысып кеткен. Мектеп әкімшілігі бұзақылық фактісін жасыруға тырысты. Бұл туралы NUR.KZ порталы Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап хабарлайды.

Алматыдағы №61 мектептің жоғарғы сынып оқушыларына тиесілі электронды күнделік парақшаларында ер адамның жалаңаштанған әуретті жерінің суреттері пайда болған.

Оқыс жағдай бір ай бұрын болғанына қарамастан, мектеп әкімшілігі бұл жайтты құпия сақтауға тырысыпты. Олар ата-аналардан бұған қатысты шу шығармауын өтінген.

"Мектептегілер шу шыққан жағдайда өзге оқушылар да электронды күнделікті бұзып, бұзақылыққа баруға тырысады деген пікірде", - дейді агенттік дереккөзі.

Дереккөздің айтуынша, бұл жайтқа мектептегі оқу ісінің меңгерушісі жауапты болуы мүмкін. Себебі, ол оқушылардың аккаунттарын өзі толтырып, суреттерін де өзі жүктеуі тиіс болған. Алайда ол бұл жұмысты екі оқушыға жүктей салған көрінеді.

Нәтижесінде ата-аналар балаларының суретінің орнына күнделіктен порносуреттер тамашалаған.

0 пікірлер

Пікір қалдыру

Есім:*
E-Mail:
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кодты еңгізіңіз: *
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив