Латын әліпбиінде апострофтар қайта өзгеруі мүмкін

Латын әліпбиінде апострофтар өзгеруі мүмкін. Мемлекеттік тілді дамыту қорының директоры Азат Шәуеев осылай деді. Оның айтуынша, біздің ғалымдар мен тіл мамандары орфографиялық және орфоэпиялық ережелерді құрастыратын болады деген еді.

Ал, егер латын әліпбиіне өзгертулер жасалса ол қалай жүзеге асуы мүмкін. Бұл туралы Ахмет Байтұрсынұлы атындағы тіл білімі институтының бас ғылыми қызметкері Әлімхан Жүнісбек мырза айтып берді, деп хабарлайды Алматы арнасы.

– Жаңа әліпби бекітілді. Бірақ оның өзгеруі қаншалықты шындыққа саяды әлде тағы реформа жасалуы мүмкін бе?

– Жалпы бүгінгі күннің жемісі, жеңісі деп латын әліпбиге өткенімізді айту керек. Кез келген елде, кез келген тілде бас-аяғы бүтін, кемшілігі жоқ әліпби болмайды. Сондықтан, соңғы қабылданған әліпбидің нұсқасына да  әлі де болса азды-көпті өзгерістер ендірілуі мүмкін. Өткені, қазір көпшіліктің арасында әрқилы пікір болып жатыр. Мұғалім мамандардың пікірі бар. Информатик мамандардың пікірі бар. Сондықтан, өзгеріс енуі әбден мүмкін. Бірақ қандай деңгейде, қандай өлшемде болады? Кезінде көреміз.

– Ал, өзгеріс еніп жатса бірінші кезекте емле-ережені мықтап жазу қажет пе әлде төл әріптердің таңбалануын өзгерткен тиімді бола ма?

-Жалпы, әліппе емле-ережені бірге қарау керек, егер де біз әліппеге өзгеріс еңгізетін болсақ онда соған лайық емле-ережеге де өзгеріс ену керек. Егер емле-ережеге өзгеріс енетін болса соған лайық әліппеге де өзгеріс ену керек. Сондықтан, бұл екеуі бір-бірімен өте байланысты және оны келіп түскен ұсыныстарға байланысты, пікірлерге байланысты, сын пікірлер, қарсы пікірлер бар, қолдап жатқан пікірлер бар, соның бәрін сараптап барып бір қорытындыға тоқтайтын боламыз.

– Емле ережесі жазылмаған әліпбиді қазір үйрету жұмыстары шағын курстар әр жерде жасалып жатқан көрінеді? Ережесі бекітілмеген әліпбиді қалай үйреніп алуға болады?

– Қазір асығыстық жасамау керек. Қазір тіптен орталық газеттеріміздің өзі соңғы жобамен мәтіндер беріп жатыр. Қарап отырсақ сол мәтіндердің емле-ережесі қазіргі кириллдің емле-ережесімен жазып беріп жатыр. Ол болмайды, өйткені қазіргі латын әліпбиінің өзінің емле-ережесі шығу керек. Көпшілік сонымен танысу керек. Енді қазір бір емлемен жазсақ, ертеңгі күні жаңа емле шығады. Ананы қайтадан өзгертуге тура келеді, сондықтан қазір көпшілікке айту керек. Бұған асығуға болмайды. Аз ғана әліпби қабылданды. Жуырда емле-ережеде дайын болады. Емле-ереже дайын болғаннан кейін барып соған лайық мәтіндер құрастыру керек.

0 пікірлер

Пікір қалдыру

Есім:*
E-Mail:
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кодты еңгізіңіз: *
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив