Ақтөбеде мектептен 10-сынып оқушысының денесі табылды
admin 2-12-2017, 21:24 908 ЖаңалықтарАқтөбе облысының Шалқар қаласында полиция мектептен 10-сынып оқушысының мәйітін тапты.
Бұл туралы aktobetimes.kz хабарлайды.
«28 қараша күні сағат 9.30-да Шалқар қаласының № 8 мектебінде киім шешетін бөлмеден оныншы сынып оқушысының денесі табылды», — деп мәлімдеді құқық қорғаушылар.
Басылымда хабарланғандай, Шалқар ауданының білім бөлімі жасөспірімнің өлімін растаған.
«Сол күні мектепте салтанатты шара болуы керек еді. Оқушы Жылқыбай дайындық кезінде өзін нашар сезінді. Ол киім шешетін бөлмеде есінен танып қалды. Медбике алғашқы медициналық көмек көрсетті. Жедел жәрдем шақырдық. Бірақ жедел жәрдем келгенше оқушының жүрек талмасы ұстап, қайтыс болды», – дейді аудандық білім бөлімінің қызметкері.
Білім бөліміндегілердің сөзінше, Жылқыбай өте тәртіпті, ұқыпты оқушы болған.
«Өте жақсы бала еді. Мінезі тұйық. Бәрін ішінде сақтайтын. Мүмкін соның кесірі тиген болар. Жақында ата-анасы ажырасқан еді. Ол әкесімен қалған. Анасы басқа балаларын алып, кетіп қалған екен. Ол басынан өткен осы жағдайды көтере алмаған», – деп мәлімдеді білім бөліміндегілер.