Астанадағы мектептердің дәретханасын күлкіге айналдырған Сыздықованың өзі сын астында қалды

Бақыт Сыздықова елімізде дәретхана революциясын жасауды ұсынды. Экс-депутаттың айтуынша, оған аймақтардан мектептегі ашық-шашық әжетханаға шағымданушылар қатары көбейген, деп хабарлайды КТК

Қоғам белсендісі Астанадағы №7 мектептен есігі мен қалқаны жоқ дәретхана көрдім деп,  әлеуметтік желіде жар салған еді. Осыдан кейін Сыздықова әжетхана  жанашыры болып шыға келді. Ал мектеп басшыларының өз уәжі бар.

Бақыт Сыздықова Елордадағы №7 мектепте өткен спорттық сайысқа  қазылар алқасының мүшесі болып барған. Есік пен унитаздың арасын бөліп тұрған қабырғасы жоқ дәретхананы да сол жерден тапқан екен. Қоғам белсендісі әжетхананы суретке түсіріп, интернетке жариялаған. Мұны көрген қала әкімі Әсет Исекешевтен бастап Білім басқармасындағылар жалма-жан экс-депутатқа жауап жазыпты. Осылайша аяқ асты дәретхана жанашырына айналған Сыздықоваға қазір мектептердегі ашық-шашық әжетханаға шағымданушылар саны еселеп артқан көрінеді. Сыздықова тіпті қызды-қыздымен  елімізде лас дәретханаларға қарсы ауқымды күрес жарияламақ.

“Менің жазбамнан кейін жан-жақтан хаттар келді. Елімізде дәретхана революциясын жасайтын уақыт жетті деп ойлаймын. Мәселен, Қытайда үшінші рет дәретхана революциясы  өтіп жатыр. Астана ғана емес, Алматы, Қызылордадағы мектептерде де әжетханалар  сын көтермейді”, – дейді қоғам белсендісі Бақыт Сыздықов.

Бірақ, Бақыт Сыздықованың бұлай дүрлігуіне қарсы шығып жатқандар да бар. Сыздықова сияқты тағы бір белсенді Айдар Қырықбаевтың айтуынша, экс-депутат әжетхананы желеу қылып, өзіне жұрттың  көңілін аудармақ.

“Бұл кісі осы халықты, журналистерді, газет, телеарналарды өзіне көңіл аудару үшін «атың шықпаса жер өрте» деп,  түймедей нәрсені түйедей қылып шығарды. Менің Бақыт Сыздықоваға қарсы болғаным,  ол кісінің өзінің қара пиармен айналысып жүргеніне осының өзі дәлел”, – дейді Айдар Қырықбаев.

Бұрын Астаналық мектептердегі дәретханаларда есік, қабырға  болған. Білім басқармасы 2010 жылы унитаздардың арасындағы қалқандарды  жаппай алып тастау туралы бұйрық береді. Мектеп директорлары тек биыл дәретханаға қайта есік салыңдар деген тапсырма алыпты.

Сыздықова шулатқан №7 мектеп осы. Оқу орнының директоры қарашада тендер өткізіп, унитаздардың арасын бөліп, жеке кабинкалар жасатқан екен. Бірақ талапқа сай болмағандықтан, басшы оны бұзып қайта салуды талап еткен. Осы аралықта әжетхана экс-депутаттың көзіне түсіпті.

“Мен директор ретінде талап еттім.  Мынаны қайта бұзып бәрінікімен бірдей қылып,  жөндеп беріңіздер дедім.  Оқу процессі кезінде ол болмайды. Бір сенбі, жексенбі, бұзумен кетті”, – дейді Жанат Айтова.

Жалпы, Астанада есік-қабырғасыз 6 мектеп бар. Солардың бірі №30 мектеп-гимназия. Мұндағы унитаздардың қалқаны болғанымен, есігі жоқ.

“17 тамызда жаңа санитарлық тәртіп пен норма шықты. Ол бойынша туалеттерде есік болуы тиіс. Қазір балалар оқып жатқандықтан, жаңа талапты  қысқы демалыста  орындаймыз. Бастысы мәселе дәретханада емес, тәрбие мен білімде ғой”, – дейді Астана қаласындағы №30 мектеп-гимназияның директоры Сәуле Әзімханова.

Яғни, Сыздықова сынады екен деп, астаналық мектептер оқуды тоқтатып, жаппай  әжетханаға есік салуға кірспейді.

Ал экс-депутат мұнымен шектелмек емес. Бақыт Сыздықоваға әжетханада флешмоб ұйымдастырайық деп ұсыныс жасап жатқандар  бар. Жастарды жинап, жұртты шулатудан Сыздықованың тәжірибесі мол. Студенттермен бірге Гарлем шейк билеп елді елең еткізген қоғам белсендісі бір күні дәретханадан тікелей эфирге шығуы да ғажап емес.

0 пікірлер

Пікір қалдыру

Есім:*
E-Mail:
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кодты еңгізіңіз: *
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив