Жаңа жылда балаларды қандай тәттілерден шектеу қажет

Жаңа жылдың қараңында дәрігерлер ата-аналарға балалардың тәттілерді тұтынуын бақылаудың маңызды екенін тағы бір ескертуді жөн көріп отыр. Демалыс кезінде кәмпиттерді көп тұтыну баланың денсаулығына зиян келтіріп, панкреатитке (ұйқы безінің қабынуына) әкеп соғуы мүмкін, дейді диетолог-дәрігер Алексей Ковальков.
 
Алексей Ковальковтің айтуынша, баланың ағзасы сағатына ең көбі 10 грамм қантты ешқандай зиянсыз қорыта алады. Бұл ретте, сарапшы атап өткендей, бір шоколодты кәмпиттің құрамында шамамен 8 грамм қант бар. Сонымен бірге, кондитерлік өнімдер мен шоколадтың құрамында өндіріс деңгейіне қарай маргарин және басқа да майлар, дәмді химиялық күшейткіштер, бояғыштар секілді қажетсіз және зиянды қоспалар болуы мүмкін екенін ескерген жөн.
 
«Баланың ұйқы безі қанттың шамадан тыс мол шөлшерін бір рет қорытуы мүмкін. Алайда, бала мектептен берілген сыйлықтың ішіндегі кәмпитті тауысқанша тоқтамайды, оған үйдегі кәмпиттерді қосыңыз. Осылайша, баланың бойында реактивті панкреатиттің дамуы мүмкін», — деп мәлімдеді диетолог Алексей Ковальков.
 
Сондықтан, баланың денсаулығына қауіп төндірмес үшін Жаңа жылда тәттілерді көп жеуіне шектеу қажет. Оның орнына құрғатылған жемістерді және қантсыз табиғи тәттілерді (зефир, сапалы пастила, мармелад, жаңғақтар) ұсынған жөн.
 
Тәттілерді сатып алу кезінде өнімнің этикеткасында көрсетілген құрамы мен сақтау мерзіміне назар аудару аса маңызды. Сапалы өнімдер қылқылды емес, табиғи түсте болады, ингредиенттер құрамы қысқа әрі түсінікті және сақтау мерзімі аз болады. Ал, жемістерге келетін болсақ, балаларға күніне бір-екі мандарин ғана жеуге болады, деп ескертті дәрігер.

0 пікірлер

Пікір қалдыру

Есім:*
E-Mail:
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кодты еңгізіңіз: *
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив