Алматы облысында мектепке ақша жинаудан қажыған жұрт шу шығарды

Алматы облысы Саймасай ауылында мектепке ақша жинаудан шаршаған ата-аналар шу шығарды. Онда басшылық тақта борынанан бастап, тіпті журналдар үшін де қаржы сұратады екен деп хабарлайды КТК арнасы. nur.kz

Бір сыныпқа 2 жарым мың теңгенің 8 журналын сатып алуға бұйрық келді. Амалсыз көндік. Өйткені, ақшаны біз бермесек, баламыздың сынып жетекшісінің өзі төлер еді", - дейді Саймасай ауылының тұрғыны Светлана Лаврова.

Ауыл тұрғындарының айтуынша, мектеп мұғалімдері де басшының бабын табамыз деп заңсыздыққа баратын көрінеді. Мұндай жағдай қазіргі директор келген соңғы бес жылда орын алды дейді. Оған қоса мұнда оқулықт та тапшы. Тегін кітап көбіне арман болған.

"Жеткіліксіз кітап береді. Бір кітапханада 5-ақ кітап. Бір класта 30-20 оқушы. Неге жағдай жасамайды?", - дейді Саймасай ауылының тұрғыны Әміркүл Ақылова.

45 жылдық тарихы бар білім ошағы салынғалы бері дұрыс жөндеу көрмепті. Қазір нысанның едендері тесіліп, терезелері сынып тұр.

Ал мектеп директоры Ләззат Нұрмаханова ешкімнен ақша сұраған емеспін деп ақталды.

"Мектептің қоры жоқ. Біздер ешқандай ақша жинамаймыз. Бәрі үкімет беріп отыр. Борды да беріп отыр, бәрін үкімет беріп отыр", - дейді ол.

Ата-аналар Ахмет Байтұрсыновтың аты берілген мектептегі заңсыздық қашан тыйылар деп күтуде. Бір анығы, тозығы жеткен нысан жазда жөнделеді екен.

0 пікірлер

Пікір қалдыру

Есім:*
E-Mail:
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кодты еңгізіңіз: *
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив