Аязда үсті-басын қырау басқан оқушы аяқ астынан 450 мың долларға ие болды

Қаңтардың басында Ванг Фуман есімді қытайлық бала мектепте емтихан тапсыру үшін, 9 градус аязда 5 шақырым жол жүрген. Жеңіл күрте киген оқушының басында бас киімі де болмаған. Ол сыныпқа кіргенде, сыныптастары күліп жіберген. Себебі шашы мен қасын мұз басып, беті қызарып кеткен еді. Ал мұғалімі оны суретке түсіріп, желіге салып жіберген. Осыдан кейін оқушы бүкіл әлемге танымал болып шыға келді, деп хабарлайды Stan.kz.

8 жастағы Ванг Фуман қытайлық Юньнань елді-мекеніндегі кішігірім ауылда әжесі және әпкесімен бірге тұрады. Анасы отбасын тастап кеткен екен. Ал әкесі шалғайда жұмыс істейтіндіктен, үйіне бірнеше айда бір келетін көрінеді.

Ванг созылмалы гипотермия дертіне шалдыққан. Яғни денесіне жылу жетіспейтіндіктен, үнемі тоңып жүреді. Тіпті қолы ісініп, саусағын басқара алмай қалады екен. Оның мектебінде жылу жүйесі болмағандықтан, балалар сабақта үнемі сырт киімдерін киіп отырады.

Ванг – білімге құштар бала. Себебі тек білім арқылы кедейліктен құтыла алатынын жақсы түсінеді. Ол емтиханда 100 ұпайдың 99-ын жинапты.

Оқушының суреті желіде тарап кеткеннен кейін, үсті-басын қырау шалған баланың жағдайы көпшіліктің жүрегін елжіретті. Ал БАҚ оны «қытай ұлтының табандылығы мен батылдығының символы» деп атады.

Қаңтар айының соңында Ванг әкесімен және әпкесімен бірге Бейжіңге шақырту алған. Полицейлер оқушыны өз көлігімен қаланы аралатқан. Ванг қаланың көрікті жерлерін аралап, артынан өзінің қатысуымен өткен баспасөз конференциясына қатысты. Онда 8 жастағы оқушы болашақта Бейжің университетіне түсіп, полицей не дәрігер болғысы келетінін айтты.

«Үй өте суық. Біз үнемі ағаш көмірін жағып, сырт киіммен ұйықтаймыз. Ал мұндағы үйлер жылы. Жейдемен ғана жүре аламын. Мұндайды бірінші рет көріп тұрмын. Жылу деген – тамаша дүние екен», – дейді Ванг. 

Ал желі қолданушылары білімге құштар оқушының жағдайына бей-жай қарай алмапты. Олар балаға 3 миллион юань (155 миллион теңгеден аса) жинап берген. Бұл ақша Ванг оқитын мектепке жылу жүйесін жүргізуге, Юньнань елді-мекеніндегі жағдайы төмен отбасындағы балаларға жылы киім мен жылытқыш құрал алуға жұмсалады.

0 пікірлер

Пікір қалдыру

Есім:*
E-Mail:
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кодты еңгізіңіз: *
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив