Қазақстандық оқушылар қаржылық сауаттылықты мектепте үйрене бастайды

Павлодар қаласының мектептерінде өскелең ұрпақтың экономикалық ой-өрісін қалыптастыру, қаржылық сауаттылыққа оқыту жобасы іске асырылады, деп хабарлады pavlodarnews.kz.

Порталдың хабарлауынша, бұл бастаманы экономика және бюджеттік жоспарлау жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы, облыстық мәслихаттың депутаты Анатолий Бойчин қолға алған.

Ұйымдастырушылардың сөзіне қарағанда, жаңартылған білім беру мазмұнына сәйкес, 10-11 сыныптарда "Экономика және қаржылық сауаттылық" курсын енгізу көзделіп отыр. Банк саласының тәжірибелі мамандары қаржылық сауаттылық бойынша арнайы курсты таңдаған оқушыларға практикалық дәрістер өткізеді.

"Курс 14 сағатқа жоспарланған. Бағдарламада оқушыларға несие карталарды пайдалану, несие беру жағдайларын, мерзімді салымдар ашуды, түрлі төлемдерді онлайн-қызметтерде іске асыруды, кассалық және аудармалы операцияларды жүргізуді үйретеді", - дейді ұйымдастырушылар.

Сонымен қатар, тәжірибелі мамандар оқушыларды SMS-банкингтің басымдылығына, есеп шоттарын қашықтан пайдалануды, myHalyk мобильді қосымшаларын қолдануды, Интернет желісінде есептесу мүмкіндіктерін үйрету міндеттерін іске асыруды көздеп отыр.

"2018 жылы 12 ақпанда №17 мектепте (Қатаев көшесі, 68) жобаның басталу рәсімі өтеді және "Қаржылық сауаттылық" бойынша арнайы кабинет ашылады. Бағдарламаны таныстыру барысында оқушылар теңге тарихынан қызықты фактілер туралы біледі.

Мысалы, Қазақстан Республикасының төлем карталарын алғашқы болып Павлодар облысында пайдаланған. Балаларға ақшаның түпнұсқасын (шынайылығын) ажырату тәсілдері көрсетіледі. Бұл жоба қаланың 34 мектебінде жүзеге асырылады деп күтілуде. Аталған курстарда 8-11 сыныптардың 800-ден аса оқушысы қамтылады", - делінген жарияланымда.

 

 Kaz.tengrinews.kz

 

0 пікірлер

Пікір қалдыру

Есім:*
E-Mail:
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кодты еңгізіңіз: *
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив