Төртінші сынып оқушысы өзімен жасты баланың тамағына қайшы сұғып алған

Ресейде төртінші сынып оқушысы өзімен жасты баланың тамағына қайшы сұғып алған

Ресейдің Кемеров қаласындағы № 84 мектептің төртінші сынып оқушысы қатар сыныпта оқитын өзімен жасты баланың тамағына қайшы ұрған, - деп хабарлайды жергілікті БАҚ.

Зардап шеккен баланың анасы порталына берген сұхбатында ұлының досы кешкі алты шамасында қоңырау шалып, мектеп жанындағы жұмыс орнынан баратынын және келеңсіз жайттың болғанын айтқан. "Ұлымды көрген кезде оның үсті - қолы, мойны, күртешесінің бір бөлігі қан еді. Мен такси шақыртып, травматология пунктіне бардық", - дейді Александра.

Медициналық орталықта балаға алғашқы көмек көрсетіліп, көпсалалы балалар ауруханасына жіберілген. Онда дәрігерлер қажетті көмек көрсеткен.

Осыдан кейін, әйел адам полицияға барып арыз берген.

Осы оқиғаға қатысты тексеру жұмыстары жүріп жатыр. Еске салайық, осыған дейін Кемеров мектептерінің бірінде 15 жастағы жасөспірім 13 жастағы қызды пышақпен жаралаған еді.

 

0 пікірлер

Пікір қалдыру

Есім:*
E-Mail:
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кодты еңгізіңіз: *
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив