ҰБТ-ға қатыса алмай қалған түлектерге қайта тапсыруға рұқсат беріледі

Биыл мектеп түлегі белгілі бір себептермен тестілеуге қатыса алмаса, келесі лекпен қайта тапсыруға рұсат берілді

Бұл туралы Ұлттық тестілеу орталығының директоры Рамазан Әлімқұлов айтты, деп хабарлады Sputnik Қазақстан.

«2018 жылы белгілі бір себептермен тестілеуге қатыса алмаған оқушының қабылдау комиссиясының рұқсатымен өз аймағындағы келесі лекпен тапсыруына жұмыс істеп жатырмыз», – дейді Р. Әлімқұлов.

Бұрынғы ереже бойынша ҰБТ-ға өз легімен қатыса алмаған түлекке сол жылы қайта тапсыруға рұсат болмаған.

Оның айтуынша, Биылғы ҰБТ өткен жылғыдай бес пән бойынша: үш міндетті және екі таңдау пәні бойынша өтеді. Міндетті пәндер арасында математикалық сауаттылық, оқу сауаттылығы және Қазақстан тарихы пәндері бар.

Тест тапсырмаларының базасы 50%-ке жаңартылды. 2017 жылы бізде 80 000 тест тапсырмалары болса, биыл олардың саны 120 мыңнан асады.

«Тапсырмалардың шамамен 11%-і функционалды сауаттылығын анықтауға бағытталса, шамамен 37% тест тапсырмаларының бір немесе бірнеше дұрыс жауабы бар. Бұл өз пәнін тереңірек түсінуге және құр жаттап қана қоймай, ойлануға мүмкіндік береді.

10 қаңтардан бастап шыққан сынақ тестіндегі сұрақтар 2018 жылғы ҰБТ тапсырмаларынаа ұқсас болады. Бұл дәл сол сұрақтар келеді деген сөз емес», – деді Рамазан Әлімқұлов.

0 пікірлер

Пікір қалдыру

Есім:*
E-Mail:
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кодты еңгізіңіз: *
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив