Білім және ғылым вице-министрі қанша жалақы алатынын айтты

ҚР Білім және ғылым вице-министрі Бибігүл Асылова қанша жалақы алатынын айтты. Вице-министр ҚР Білім және ғылым министрлігі алқасының кеңейтілген отырысында журналистер сұрағына жауап берді

«Бізде ешқандай үстеме ақы, қосымша төлемдер жоқ. Мен шамамен 600 мың теңге жалақы аламын. Бұл айлықты саяси мемлекеттік қызметші ретінде алып отырмын”, – деп жауап берді вице-министр.

Бибігүл Асылова мемлекеттік қызметшілердің жалақысы мемлекеттік қызметтегі еңбек өтіліне және білім деңгейіне тікелей байланысты екенін атап өтті.

Ол 2016 жылдың маусым айынан бері вице-министр қызметін атқарып келеді.

Оның айтуынша, 1 қаңтардан 90 мыңға жуық мұғалім, ал 1 қыркүйектен бастап тағы 200 мың педагог 30 пайыз мөлшерінде үстеме ақы алады.

0 пікірлер

Пікір қалдыру

Есім:*
E-Mail:
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кодты еңгізіңіз: *
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив