Министрлік мұғалім мәртебесін көтеруді олардың жалақысын өсіруден бастайды

Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісі отырысында мұғалім мәртебесін арттыру мәселесі талқыланып жатыр. Білім және ғылым вице-министрі Асхат Аймағамбетов бұл мәселені шешуді ең алдымен олардың еңбекақысын көтеруден бастауды оң санайды, деп хабарлайды Baq.kz.

Министрлік ұстаз мәртебесі басты мәселелердің бірі екенін жасырмайды және ведомства алдында бірқатар іс-шаралар барын айтады. Ең бірінші – жалақыны көтеру мәселесі.

«Биыл жаңартылған білім беру мазмұнына көшкен барлық мұғалімнің жалақысын көтеру қабылданды. 1, 2, 5, 7 сынып мұғалімдері, 2018-2019 оқу жылы, яғни қыркүйекте 3, 6, 8 сынып жаңартылған мазмұнға көшеді, осы сыныптарға сабақ беретін мұғалімдердің еңбекақысы Елбасының тапсырмасымен 30%-ға артады. Бүгінде Үкімет өзгерістер енгізді, ол жаңа жүйе бойынша санат алатын мұғалімдердің еңбекақысын 30%-дан 50%-ға дейін арттыру жоспарланып отыр», - деді вице министр.

Оның айтуынша елімізде орта білім беру мекемелерінде 285 996 педагог жұмыс істейді. 1991 жылмен салыстырғанда педагогтардың сапалық құрамы айтарлықтай жақсарған.

«Жылдан жылға жоғары білімі бар мұғалімдер санының өсу үрдісі байқалады. Мысалы мұғалімдердің жалпы санынан жоғары білімді мұғалімдердің үлесі 1991 жылы 66%, бүгінде 90%-ды құрайды, соның ішінде жоғары санаттағы мұғалімдер үлесі - 51%. Педагог-магистрлер саны 2014 жылы 1800 болса, бүгінде білім беру мекемелерінде 4 мыңға жуық магистрлер жұмыс істейді, яғни екі есе артқан. Жыл сайын орта есеппен 10 мыңнан астам жас маман келеді», - деп вице-министр еліміздегі мұғалімдер статистикасына тоқталып өтті.

0 пікірлер

Пікір қалдыру

Есім:*
E-Mail:
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кодты еңгізіңіз: *
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив