"Алма турап жатқан" - Ақтауда мұғалім үзіліс кезінде көз жұмды

Ақтауда № 8 орта мектепте сбақ арасындағы үзіліс кезінде мұғалім көз жұмды. Оқиға сәрсенбі, 7 наурызда болған, - деп хабарлайды InAktau.

Куәгерлердің сөзінше, 38 жастағы педагог асханаға барғанында есінен танып қалған.

"Осыған дейін қан қысымы мазалап тұрғанын айтқан. Бүгін мерекеге дайындық кезінде алма турап тұрып, есінен танып қалды.

Дәрігерлер бірден жедел жәрдем шақырды", - дейді мектеп қызметкерлері.  Дәрігерлер келгенше әйел адам көз жұмған. Өлім себептері анықталып жатыр. 

"Лада" басылымының жазуынша, Маңғыстау облысының жедел жәрдем диспетчеріне 11:40-та қаоңырау шалынған.  "Жедел жәрдем дәрігерлерге келген әйел адам ес-түссіз жатқан. Дәрігерлер жарты сағат бойы оны есіне келтіре алмады. Шақырту түскен уақыттан 47 минут кеткенен кейін әйел көз жұмды", - делінген хабарламада. 

"Өлім себебі сараптамадан кейін анықталады. Жансақтау әрекеттері нәтиже бермеді, 12:07-де әйелдің көз жұмғаны тіркелді. Мектеп қызметкерлерінің сөзінше, соңғы бірнеше күнде әйел қан қысымына шағыданып жүрген. Диспансерлік тіркеуде болмаған, дәрігерлер көмегіне жүгінбеген", - дейді Маңғыстау облысының  шұғыл және жедел медициналық жәрдем станциясы бас дәрігерінің орынбасары Рақымжан Елтаев. 

 

kaz.tengrinews.kz

0 пікірлер

Пікір қалдыру

Есім:*
E-Mail:
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кодты еңгізіңіз: *
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив