Ақтөбедегі көпқабатты үйлердің бірінен аясуыз соққыға жығылған мұғалім табылды

Ақтөбедегі көпқабатты үйлердің бірінің подъезінен аясуыз соққыға жығылған мұғалімнің денесі табылды. Ол ауруханаға жеткізіліп, бірнеше күн комада жатқаннан кейін көз жұмды.

Бұл туралы «Актобе Таймс» басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Аясуыз соққыға жығылған 32 жастағы мұғалім Екатерина Самсонова көп қабатты үйлердің бірінің подъезінен табылған. Ауыр жарақат алған әйел ауруханаға жеткізіліпті. Ота жасалып, дәрігерлердің әйелдің өміріне араша түскеніне қарамастан, ол есін жимастан ауруханада көз жұмды.

Өңірлік ІІД баспасөз қызметі аталған фактінің растады. Алайда қылмыстың анық-қанығы жөнінде мәлімет берген жоқ.

Әйелдің туыстарының сөзінше, Екатерина өзін аясуыз ұрып тастаған ер адаммен таныс болған. Олар араласып тұрған екен. Қайтыс болған мұғалімнің анасы Наталья Самсонованың сөзінше, күдікті 1983 жылы дүниеге келген. Ол құрылыс орнында жұмыс істейді екен. Қазір ол тергеу изоляторында отыр.

«Ол қызымды аясуыз ұрып тастаған. Үстінде секіріп, қабырғаларын сындырған. Бізге айтқандай, оны зорламақ болған. Ол кінәсін мойындағандықтан, оны ұстады. Нәтижесінде оған «Адам өлтіру» бабы бойынша емес, «Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру» бабы бойынша айып тағылып отыр», – дейді әйелдің туыстары.

Қайтыс болған Екатерина Самсонованың артында 13 жастағы ұлы қалды.

0 пікірлер

Пікір қалдыру

Есім:*
E-Mail:
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кодты еңгізіңіз: *
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив