Қазақстандық мектептер латын қарпі бойынша білім беруге қашан көшеді?

Екі жылдан кейін қазақстандық бірінші сынып оқушылары латын қарпі бойынша білім ала бастайды.

Мектептердің латын қарпі бойынша білім беруге көшу туралы бұйрықтың жобасы «Ашық НҚА» порталында жарияланды, деп хабарлайды Stan.kz.

Білім және ғылым министрлігінің аталған құжатына сәйкес, 2019-2025 жылдар аралығында жалпы орта білім беретін ұйымдардың мұғалімдері біліктілікті арттыру курстарынан өтеді.

Латын қарпы бойынша білім беруге көшу жоспары:

  • 0, 1-сыныптар – 2020 жыл;
  • 0, 1 және 2-сыныптар – 2021 жыл;
  • 0, 1, 2 және 3-сыныптар – 2022 жыл;
  • 0, 1, 2, 3 және 4-сыныптар – 2023 жыл;
  • 0, 1, 2, 3, 4 және 5-9-ыншы сыныптар – 2024 жыл;
  • 0, 1, 2, 3, 4, 5-9 және 10,11-сыныптар – 2025 жыл.

Оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендердің латын қарпіне аудару бойынша жоспар кестесі:

  • 0-сынып (мектеп алды) – 2018 жыл;
  • 1-сынып – 2019 жыл;
  • 2-сынып – 2020 жыл;
  • 3-сынып – 2021 жыл;
  • 4-сынып – 2022 жыл;
  • 5-9 сыныптар – 2023 жыл.

Қазақ тілінде оқытатын жалпы білім беретін мектептерге арналған барлық оқу пәндері бойынша, қазақ тілінде оқытпайтын мектептерге арналған «Қазақ тілі мен әдебиеті» оқу пәні  бойынша латын графикасы негізіндегі оқулықтарды қайта шығару кестесі:

  • 0-сынып (мектеп алды) – 2019 жыл;
  • 1-сынып – 2020 жыл;
  • 2-сынып – 2021 жыл;
  • 3-сынып – 2022 жыл;
  • 4-сынып – 2023 жыл;
  • 5-9 сыныптар – 2024 жыл;
  • 10, 10-сыныптар – 2025 жыл.

0 пікірлер

Пікір қалдыру

Есім:*
E-Mail:
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кодты еңгізіңіз: *
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив