Ел алдына көп шыға бермейтін Сара Назарбаева мұғалімдерге ақылын айтты

"Бөбек" қайырымдылық қорының президенті, "Өзін-өзі тану" рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасының авторы Сара Назарбаева орталықта біліктілігін арттыру курсынан өткен мұғалімдермен кездесті деп хабарлайды Алматы арнасынасілтеме жасаған NUR.KZ.

Олар білімін жетілдіру үшін еліміздің әр өңірінен келген. Дәстүрлі кездесу биыл алғаш рет дәріс алушылармен ұйымдастырылып отыр. Оған ұстаздар өздері ниет танытқан.

Басқосуда бала тәрбиесі, мұғалімнің қоғамдағы рөлі, адамзаттың жан тыныштығы сияқты мәселелер сөз болды.

Сондай-ақ Сара Назарбаева педагогтарға өз кеңесін берді.

"Өз жан дүниеңе үңіл. Сені бақытты еткен не, бақытсыз еткен не? Осыдан соң сен балаларыңа дұрыс тәрбие бересің. Оның үстіне мұғалім болсаң, мектепке, балабақшаға, жоғары оқу орнына білім алуға келген балаларды тәрбиелейсің. Сондықтан айтарым, жалпы адамгершілік құндылықтар барлық сабақта, барлық емтиханда, қабылдау емтихандарында бірінші орындағы пән болуға тиіс", - деді "Бөбек" қайырымдылық қорының президенті Сара Назарбаева.

0 пікірлер

Пікір қалдыру

Есім:*
E-Mail:
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кодты еңгізіңіз: *
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив