Алматы облысындағы мектепте жұртқа шабуылдаған жыландар елдің мазасын қашырды

Алматы облысы Алакөл ауданына қарасты Ақтүбек ауылының тұрғындары мектепте жыландар мамандарға шабуыл жасап, мазаларын қашырғанын айтып, дабыл қақты деп хабарлайды 31 арна.

Тұрғындар тіпті балаларын мектепке жіберуге қорқып қалған. Ол аздай білім ордасында сәбилерге арналған орталық та бар екен.

Сұмдығы сол, жыландар әр жерден шығып жатыр дейді тұрғындар. Ал кішкентай балаларды мектеп басшылығы бір қабаттан екіншісіне көшіріп әлек.

Ақтүбек орта мектебінің ішіндегі балабақшада жұмыс істейтін Күлмархан Қалиева мен Айнұр Тұрарова жыланның өздеріне шабуыл жасаған сәттерін үреймен еске алады.

Бұл жайттан кейін бірден білім шаңырағының едендерін ашып, жылан мекен ететін жерлерге арнайы аппарат сатып алынып, қазір қосулы тұр.

"Менің екі жасар немерем бар, жататын орнынан жылан шыққан. Көмек сұраймыз бүткіл акимат, бүкіл аудан бәрі біледі жыланның бар екенін. Зовхоз бәрі біледі. Он жыл болды ғой деймін жыланның шыққанына. Оны айтпаңдар, айтсаңдар жұмыстан шығарамыз деген", - дейді Ақтүбек ауылының тұрғыны Гүлбаршын Меделханова.

Тұрғындар мектепте жыланның ордасы бар деп үрейленеді. Ал Ақтүбек орта мектебінде 200-ден астам оқушы мен 40 бүлдіршін тәрбиеленіп жатыр. Оқушылар да мектепте жыланды жиі көретінін айтады.

0 пікірлер

Пікір қалдыру

Есім:*
E-Mail:
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кодты еңгізіңіз: *
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив