Қазақстандық мұғалімдер оқушыларының әлеуметтік желілерде қандай парақшаларды қарайтыны жөнінде есеп беруге міндеттелді

Теміртаулық оқушылардың ата-аналары мұғалімдерге баласының id-кодын беру туралы хабарлама алған. Бұл оқушылардың күмәнді сайттарды қарамауын бақылау үшін қажет екен.

Бұл туралы BNews.kz хабарлайды.

Теміртауда мектеп оқушыларының ата-аналарына келген хабарламада олардың құжатқа қол қойып, сынып жетекшісі мен мектеп әкімшілігіне баланың әлеуметтік желілелерін бақылауына келісім беру туралы жазылған. Ол үшін ата-аналар мұғалімге баласының id-кодын беруі тиіс. Ал мұғалімдер ай сайын оқушылардың әлеуметтік желілерде қандай парақшаларды қарайтыны және қандай топтарға жазылғаны туралы білім беру бөліміне есеп беруі қажет. Теміртаудағы білім беру бөлімінің басқарушысы аталған бұйрықты мектептерге таратқан

Ал Теміртау тұрғыны Кирилл Сивашов 11 жастағы қызын әлдекімнің бақылауға алғанына және оның қатарластарына жазған хаттарының оқылғанына қарсы екенін айтты.

«Бізде толеранттық тәртіп бар емес пе? Әке ретінде, мен наразымын. Менің баламды бақылауға алудың қажеті жоқ. Оны өзім де жасап, өзім де ашра қабылдай аламын. Егер күмәнді дүниені байқасам, өзім қолға аламын. Үшінші тараптың құлағдар болғаны қажет емес. Бұл біздің жеке өміріміз. Біз отбасымызда өз мәселелерімізді өзіміз шешеміз», – дейді Кирилл Сивашов.

Сонымен қатар ол бөтен адамдарға қызын бақылауға рұқсат бермейтінін және оның әмбебап кодын ешкімге бере алмайтынын кесіп айтты.

Ал Теміртаудағы білім беру бөліміндегілер оқушыларды бақылау қызметін ұсынатын фирмамен келісіп қойғандарын мәлімдеді. Ал мұндай қызмет бағасы 1 миллион 200 мың теңге тұрады екен.

«Бақылау туралы бұйрық өткен аптада шыққан. Әлеуметтік желілерді бақылау туралы келісім жасалды. Фриманың атауы – «ЦИОР Интегро». Бұл сала бойынша әлеуметтік жұмыстар жөніндегі әдіскер жауапты. Ата-аналардан балалардың id-коды алынады. Және оқушылардың жеке мәліметтері жарияланбайды», – дейді Теміртау қаласындағы Білім беру бөлімінің басқарушысының орынбасары Айгүл Жұмабаева.

Сонымен қатар мұғалімдер ата-аналардың мұндай шараға қарсы екенінен құлағдар болып шықты. Алайда балалардың Интернеттегі өмірін бақылау оқушыларды қорғау үшін жасалып жатқанын алға тартуда.

«Бұл балаларды қорғау үшін, оларды зиянды сайттардан қорғау үшін жасалады. Балалардың біз келісім жасасқан фирма бақылайтын болады. Мамандар оқушыларды бақылап, олардың қауіпті, діни экстремизм немесе суицид насихатталатын сайттарды қарағаны туралы бізге хабарлама жіберіп отырады», – дейді Айгүл Жұмабаева.

Сонымен қатар ол тек оқушылардың әлеуметтік желілерде қандай парақшаларды қарағаны ғана бақыланатынын, жеке хаттардың оқылмайтынын айтты.

Ал көптеген ата-ана балаларын бақылау туралы ұсыныстан бас тартатындарын кесіп айтып, мұны баланың құқығын бұзу деп санайтындарын білдірді.

0 пікірлер

Пікір қалдыру

Есім:*
E-Mail:
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кодты еңгізіңіз: *
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив